Главная Новости Бірлік – береке бастауы
31 қаңтар 2024, 11:31 341

Бірлік – береке бастауы

Бірлік – береке бастауы

Қаражанбастың материалдық-техникалық жабдықтау базасы ұжымы цехішілік шағын футбол турнирін өткізді. Салауатты өмір салтын ұстанып, ұжымның бірлігін нығайтуды көздеген ІІ вахта жұмысшылары өзара командаларға бөлініп, тартысты ойын көрсетті.

Төреші ысқырығы естілген сәттен аяқдопшылардың мықты соққылары мен сәтті пастары командаларды жеңіске жақындата түсті. Жүк ілдірушілер, жүк қабылдаушылар, қоймашылар мен бас кеңсе мамандары әртүрлі әдістерді ұтымды пайдаланып бір-бірінен басым түсуге тырысты.

«Турнир өте жақсы өтіп жатыр. Әріптестеріміздің спорттық қабілеттерін паш етіп, бізді бірлікке бастаған жарыс болды деп айта аламыз. Қандай орын алатынымыз маңызды емес. Бір үйдің баласындай татулығымыз – біздің басты жеңісіміз», – деді МТЖБ жұмысшылары.

Қорытындыға сәйкес, бас кеңсе командасы үздік үштікті түйіндеді. Екінші орынға жүк ілдірушілер құрамасы лайық деп танылды. Ал барлық матчта жеңіске жеткен жүк қабылдаушылар ұпай санымен алға шығып, жеңімпаз атанды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: