Главная Новости «Бірлік болмай, тірлік болмайды»
05 июля 2024, 17:29 533

«Бірлік болмай, тірлік болмайды»

«Бірлік болмай, тірлік болмайды»

«Мен үшін ұжымдағы ауызбіршілік өте маңызды, Аллаға шүкір! Жанымдағы бұрыннан қызмет етіп жүргендер де, жақында қосылғандар да жауапты да білікті мамандар. Біздің жұмыскерлер арасындағы жылы қарым-қатынастың болуы – тізгінді тең ұстай білетін цех басшысы Ерлан Наурызбайұлы Көшербаевтың да үлесі деп білемін», дейді Гүлнар Байхождаева.

«Бірлік болмай тірлік болмайды» деген мәтел «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы Газ өндіруді дайындау және тасымалдау цехының геологы Гүлнар Байхождаеваның қызметте де, өмірде де ұстанған ұранына айналған. Отыз жеті жылдық еңбек өтілі бар әріптесіміздің мамандық саласы бойынша кейінгі буынға үйрете алатындай еңбек тәжірибесі, білген-түйгені бар.

«Қаламқас кен орнына он сегіз жасымда жұмысқа орналастым. Ең алғаш 1987 жылы жолдамамен №3 Мұнай және газ өндіру цехына оператор ретінде қабылданып, кейін осы цехта техник-геолог болып жасадым. Білімімді шыңдау мақсатында 2003 жылы Шахмардан Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінен мұнай және газ геологиясы мамандығын игеріп, бүгінде соның жемісін жинап отырмын. Қоғамның дамуы үшін еңбектеніп-ақ жатырмыз. Атқарған қызметіміз де елеусіз қалып жатқан жоқ. Басшылық тарапынан табысталған бірқатар төсбелгілер мен мақтау қағаздары бар. Ең бастысы жұмысыңды жақсы көру», – дейді Гүлнар.

Кейіпкеріміз Компанияның өз жұмыскерлерінің еңбегін бағалап, үнемі шабыт беріп отыратындығын, сонымен қатар мұнай саласында өзіндік қолтаңбасы бар ардагер мұнайшыларды қолдайтындығын, әсіресе тарихы тұнған түбектің қасиетті орындарына барып зиярат ету сияқты үрдістер ұнайтындығын ризашылықпен жеткізді.

Бүгінде ол өзінің ізін жалғар ұлы Асылбек пен келіні Әселдің тілегін тілеп отырған аяулы ана, немерелері Ясина мен Кәусарды мейірімге бөлейтін ардақты әже. Балаларына отбасы құндылығын маңыздылығын жете түсіндіріп, «Отбасы – сыйластық пен жарастық орнаған орта, кішкентай Отан» деп ізгіліктің дәнін егіп келеді екен. Жарты өмірін үй-ішінен жырақта өткізіп жүрсе де отбасының бақытты, бақуатты тұрмысын ойлайтын Гүлнар тілегі де, қуанышы да осы жеткіншектері екенін алға тартады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: