Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Теміржол көлігінің барлық жолаушылар үшін қолжетімді әрі жайлы болуын қамтамасыз ету мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.
2025 жылдың басынан бері компания пойыздарымен 240 мыңнан астам ерекше қажеттіліктері бар жолаушы сапарға шықты. Қазіргі уақытта Ұлттық тасымалдаушының пойыздары еліміздің 112 бағыты бойынша қатынайды. Аталған бағыттардың барлығында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнаулы купелері бар штабтық вагондар қарастырылған.
Арнайы жабдықталған вагондарда арба пайдаланатын жолаушылардың еркін қозғалуы үшін көтергіш платформалар, кеңейтілген тамбурлар мен дәліздер орнатылған. Купелерде мүмкіндігі шектеулі жолаушылар арналған бекіткіштері бар жайлы орындар, сондай-ақ тұтқалары мен төмен орналастырылған раковинасы бар санитарлық тораптар қарастырылған.
Теміржол көлігімен сапар шегуді барынша қолжетімді ету мақсатында жеңілдіктер жүйесі енгізілген. Коммерциялық пойыздар мен «Talgo» құрамдарында арнайы купелер болған жағдайда, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жолаушылар мен олардың серіктестері үшін жол жүру құнына 50 пайыздық жеңілдік беріледі.