Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Газдандыру — ауылдағы өмір сапасын арттырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың маңызды тетігі. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірлерде белсенді жүзеге асырылып жатыр. Мысалға, Алматы облысындағы Шарын ауылында ұзындығы 64 км болатын газ құбырының құрылысы аяқталып, 1 200-ден астам үйге, мектепке, ауруханаға, балабақшаға және әкімшілік ғимараттарға газ қосылды. Ташқарасу және Бахарқ ауылдарында құрылыс жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Жақын арада тағы 978 үй мен әлеуметтік нысандар газға қосылады.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмалары және Қазақстанды 2030 жылға дейін газдандырудың Бас сызбасы аясында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен жүзеге асырылуда. Бүгінде Алматы облысында 1,2 миллионнан астам тұрғын немесе өңір халқының 77%-ы табиғи газға қол жеткізіп отыр. Облыста 373 елді мекеннің 157-сі, соның ішінде бес қала толық газдандырылған. Газ желілерінің жалпы ұзындығы 4 200 км-ден асады, ал жылдық тұтыну көлемі – 200 млн текше метр.
Жалпы, Қазақстан бойынша газдандыру деңгейі 62,4%-ды құрап отыр. Бұл дегеніміз – 20,2 млн халықтың 12,6 миллионы табиғи газға қол жеткізген. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға жоғары. 2024 жылы 4 000 км-ден астам газ құбыры салынып, 93 жоба іске асырылды. Биыл тағы 77 жобаны аяқтап, 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»