Главная Новости Биыл Алакөлге қанша жолаушы пойызбен саяхаттады?
03 қазан 2022, 10:30 763

Биыл Алакөлге қанша жолаушы пойызбен саяхаттады?

Биыл Алакөлге қанша жолаушы пойызбен саяхаттады?

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-да Алакөл курорттық аймағы бағытында жазғы тасымалдау қорытындыланды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Кеңес отырысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға ҚР ИИДМ, Алматы, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, жеке тасымалдаушылар мен туристік компаниялар қатысты. 

Жаздың үш айында Алакөлге 243 мың жолаушы жеткізілген, бұл өткен жылғы маусымға қарағанда 33,5%-ке артық. Сұранысты қанағаттандыру үшін 260 мыңнан астам орын ұсынылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ке жоғары. Алакөл бағытында 11 жолаушы пойызы жүрді, оның ішінде 9 – «Жолаушылар тасымалы» АҚ, 2 – жеке тасымалдаушы. Үш құрам Астанадан, бесеуі Алматыдан, екеуі Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан және қала маңы пойызы Ақтоғай – Достықтан жөнелтілді.  

Қанат Әлмағамбетов биыл алғаш рет жолаушылардың жайлы жүруін қамтамасыз ету үшін ҚР ИИДМ қолдауымен Ұлттық тасымалдаушы екі бағыт бойынша «Тальго» вагондарынан құралған жолаушылар пойызы іске қосылғанын атап өтті.  

Туристік маусымның қызған кезінде жолаушылардың ең көп ағыны Жалаңашкөл, Көктұма, Ақши және Бескөл станцияларының вокзалдарында байқалды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Ұлттық тасымалдаушы вокзал ғимараттары мен жолаушылар платформалары жөнделіп, қоршаулар, тұтқалар, шатырлар орнатылып, жарықтандыру жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін вокзал ғимаратында пандустар, күту залында арнайы орындар орнатылып, мүгедектер арбалары сатып алынды.  

Келесі жылы қолданыстағы маршруттардың тізімін сақтау жоспарлануда. Тұрғындар тарапынан сұраныс артқан кезде уәкілетті органмен бірлесіп Астана – Достық бағыты бойынша (Тальго вагондарымен), сондай-ақ Қызылорда-Достық бағыты бойынша (стандартты вагондармен) қосымша пойыздар ұйымдастыру мәселесі пысықталады.  

Сондай-ақ, келесі демалыс маусымында жолаушыларға қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту бойынша жоспарланған іс-шаралар талқыланды.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: