Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Оңтүстік өңірлерге жұмыс сапары барысында 29-30 наурызда Samruk-Kazyna Construction Басқарма төрағасы Мəулен Айманбетов Алматы облысындағы жайлы мектептердің құрылыс алаңдарына барды.
Екі күн ішінде SKCN басшысы өңір бойынша салынып жатқан барлық 26 білім ошағын аралап шықты. Нəтижесінде бірқатар проблемалық мəселелер шешіліп, маңызды шешімдер қабылданды. Барлық мердігерлерге жұмысты 2-3 ауысымда ұйымдастыру тапсырылды.
Жұмыстың өте төмен қарқыны жəне жауапсыздығы үшін Көктал елді мекенінде 600 орындық жайлы мектеп салу бойынша SHEBERBUILD компаниясымен шартты бұзу туралы шешім қабылданды. Бұл мердігер облыста 5 бірдей оқу орнын салуға конкурсты ұтып алған Тек жоғарыда аталған себептерге сəйкес барлық 5 нысан бойынша (Сатай, Қарасу, Төңкеріс, Жалқамыс жəне Көктал ауылдарында) шарттар біржақты тəртіппен бұзылды, ал құрылыс конкурстық рəсімдердің қорытындысы бойынша екінші орын алған компанияларға сеніп тапсырылды.
"Сіздер барлық нысандар бойынша мерзімдерден қатты кешіктіңіздер. Біз юұдан əрі күте алмаймыз, сондықтан сіздермен барлық шарттарды бұзуға мəжбүрміз. Орындалған жұмыс көлемін бағалау үшін тəуелсіз компанияны жалдаймыз. Оның қорытындысы мен актілерге сəйкес жаңа мердігер соңғы тиынға дейін барлық шығындарыңызды өтейді", - деп түсіндірді Айманбетов.
Оның сөзінше мердігер ұйым мен тапсырыс беруші арасындағы қарым-қатынас қарапайым құрылысшыларға əсер етпеуі керек.
"Барлық білікті əрі жауапты мамандар мен жұмысшылар, əсіресе жергілікті тұрғындар өз орындарын сақтап қалуы керек, өйткені бұл жағдайда қатардағы құрылысшылардың кінəсі жоқ. Олар өз отбасыларын адал еңбекпен асырап отқан біздің отандастарымыз, сондықтан олар жұмыссыз қалмауы керек", - деді SKCN басшысы жаңа мердігер "Компания Строй Индустрия" ЖШС басшылығына.