Главная Новости Биыл FlyArystan отандық лоукостерімен қай елдерге сапар шегуге болады?
04 мамыр 2023, 11:15 1283

Биыл FlyArystan отандық лоукостерімен қай елдерге сапар шегуге болады?

Биыл FlyArystan отандық лоукостерімен қай елдерге сапар шегуге болады?

Мамыражай мамыр да келіп жетті. Бұл – қазақстандықтардың жазғы демалысын жоспарлап, саяхатқа дайындалатын дәстүрлі кезеңі. Бұл орайда, отандық лоукостер – FlyArystan әуе компаниясы да жазғы кезеңге арналған маусымдық рейстерді іске қосуға дайындалып отыр. Ендеше, бұл материалда FlyArystan компаниясының 2023 жылы қай әлем елдерінің қай қалаларына жаңа және маусымдық тікелей рейстер ашатынын топтап шықтық.

БАКУ ҚАЛАСЫ, ӘЗЕРБАЙЖАН

Бакуге қазірдің өзінде Қазақстанның Ақтау қаласынын әр дүйсенбі мен жұма сайын сапарға шығуға болады. Ал 2 маусымнан бастап FlyArystan астаналықтарға да ерекше сый жасап, Қазақстанның бас қаласынан тікелей рейстерді ұйымдастырады. Ұшу даталары дәл солай – әр дүйсенбі мен жұма сайын.

Баку – терең тарихы мен сәнді де заманауи ғимараттарымен көз тартады. Ішкі қала мен қыз мұнарасы, шахидтер аллеясы мен Гобустан қорығы – туристер жиі баратын орындар. Ал Каспий жағалауында теңіз туризмі де жақсы дамыған.

САМАРҚАН, ӨЗБЕКСТАН

Самарқанға FlyArystan-мен Алматыдан аптасына екі рет – сәрсенбі мен сенбі күндері аттануға болады.

Самарқанға баратын туристер әдетте саяхатты Гүр Әмір мавзолейінен бастайды. Кешен Темірдің бастамасымен 1404 жылы бой көтерген. Одан кейінгі нысан – Регистан алаңы. Шаһардың негізгі архитектуралық ескерткіштерінің тағы бірі – Бибі ханым мешіті. Ол 1399-1404 жылдары салынған. Кезінде мешіт ауласында 10 мың адамға дейін намаз оқи алатын болған. 

ЕРЕВАН, Армения

4 мамырдан бастап әр бейсенбі мен жексенбі сайын FlyArystan компаниясының Airbus ұшақтары Ақтау қаласынан Армения астанасына қатынайды. Маңғыстау облысының тұрғындарынан бөлек, Ереванның сән-салтанатын Алматы, Шымкент, Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларының тұрғындары тамашалай алады. Өйткені, бұл қалалардан қолайлы түйістіретін рейстер бар.

Әлбетте, Ереванға саяхаттайтындар Арарат тауына, Каскад сәулеттік ескерткішіне, биші субұрқақтар мен өзге де сәулет туындыларына барады.

КУТАИСИ, ГРУЗИЯ

Грузияның Кутаиси қаласына Қазақстанның бірқатар қаласына тікелей рейс бар. Олар – Ақта, Астана, Атырау, Шымкент қалалары болса, 4 маусымнан бастап FlyArystan бұл қатарға Алматыны қосуды да жоспарлап отыр. Еліміздің оңтүстік астанасынан Грузияның оңтүстік астанасына аптасына екі рет – сәрсенбі мен жексенбі күндері саяхатқа шығуға болады.

Кутаиси шағын да болса, тарихы өте бай қала. Мұнда қала ішіндегі сәулет ғимараттарынан бөлек, Прометей үңгіріне барып, қала маңындағы Баграти ғибадатханасын, Мартвили және Окацэ шатқалдарын, Кахетидегі шарап мұражайын аралауға болады.

БІШКЕК, ҚЫРҒЫЗСТАН

Алматылықтар үшін Бішкекке бару аса таңсық саяхат болмағанымен, FlyArystan бұл мүмкіндікті астаналықтарға жасауды ұйғарған. Екі елдің астанасын жалғайтын тікелей рейстер 10 маусымнан бастап жасалады.

Бішкек те тарихы терең қалалардың бірі. Қала Алатау етегінде және кезіндегі Ұлы Жібек жолының бойында орналасуымен құнды. Қалада Қырғыз ұлттық тарихи мұражайы, Айтиев атындағы Ұлттық өнер мұражайы, Минералогия мұражайы орналасқан.

БИЛЕТТЕР САТЫЛЫМДА

Жоғарыда аталған жаңа және маусымдық бағыттар бойынша билетті қазірдің өзінде-ақ сатып алуға болады. Бір құпияны ашайық: билетті қаншалықты ертерек алсаңыз, соғұрлым бағасы да арзанырақ болады.

Бұл топтамаға енген бес бағыттан бөлек, FlyArystan арқылы Түркия, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктеріне саяхаттауға да болады. Қазіргі таңда компанияның әуе флотында 14 Airbus A320 ұшағы бар. Ал 2023 жылдың соңына дейін ұшақтар саны 19-ға жетеді деп жоспарланған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: