Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Қазақстан мен Қытай шекаралық темір жолдарының ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмысы қорытындыланды. Белгілі болғандай, Қазақстаннан Қытайға теміржол көлігімен бағытталған жүк экспорты да, кері бағыттағы импорт та өскен.
Мәселен, елімізден биыл екі тоқсанда 8,3 млн тонна түрлі жүк жөнелтіліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзіміне қарағанда 37% жоғары болған. Осы ретте, ерекше атап өтерлігі, Қытайға бағытталған астық 2021-2022 жылдардың өткен маусымдық егісіне қарағанда 4 есе өскен. Ал тартылған өнім тасымалы үш есеге жоғары болып және де бұл өнім түрі тек контейнерлерде жөнелтілген. Үрімші теміржолымен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері бойынша Қытай тарапы тәулік сайын астықтасығыштарда бос тиелген бидайдың 1 құрамын және жабық вагондарда қапқа тиелген бидайдың 1 құрамын қабылдап алуға дайын екендерін жеткізген.
Сонымен қатар шекаралас көрші елге бірқатар өзге де жүк түрлерінің тасымалы артқаны байқалады. Соның бірі, металл кенінің өсуін айтар едік. Оның ішінде, темір кенінің былтырмен салыстырғанда 25% артқаны белгілі болып отыр. Сондай-ақ, 220 мың тонна түсті металл және 75 мың тонна өсімдік майы экспортталған. Бұл жүктердің көрсеткіші өткен жылдың алғашқы айындағы жүк көлемінен 55 және 70 пайызға жоғары болып отыр.
Ал Қытайдан Қазақстанға бағытталған жүк импортына келсек, оның көлемі ағымдағы жылдың алты айында 13%-ға, 5,4 млн тоннаға дейін өскен. Елімізге импортталған жеңіл автокөліктердің көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға, құрылыс жүгі 30%-ға, химиялық жүк 5%-ға артқан. Осылайша, екі ел арасындағы теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі 13,7 млн тоннаны құрап, өткен жыл көрсеткішінен 26% артық болып отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!