Главная Новости Биыл Маңғыстау мұнайына – 60 жыл!
11 наурыз 2021, 08:03 3463

Биыл Маңғыстау мұнайына – 60 жыл!

Биыл Маңғыстау мұнайына – 60 жыл!

Өткен жылдың қиындықтарына қарамай жетібайлықтар мұнай өндіру жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Ал компания еңбек ұжымының ауызбіршілігі мен табандылығының арқасында 31 740 тонна мұнайды артық өндіріп, жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Өндірістің мұндай көрсеткішке жетуіне бір кісідей атсалысып жүрген мұнайшылардың бірі – Жолдас Маңғыбаев.

Еңбек өтілі бірнеше жылды құрайтын еңбек династиялары болмаса да, Маңғыбаевтар әулетінің бес мүшесі мұнай саласында еңбек етіп жүр.

«Мамандық таңдау мәселесі біздің алдымызда ешқашан тұрмаған болатын, дейді «Жетібаймұнайгаз» ӨБ №1 мұнай және газ өндіру кешенінің ауысым инженері Жолдас Маңғыбаев. Өз әкемізді үлгі тұтып, оның соңынан ілестік, ұрпақтан ұрпаққа кәсібін зор махаббатпен жеткізіп, өте жоғары тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін өндірісте туысқандығымыз жарасып бір-бірімізді жерге қаратпай, әрқашан Маңғыбаевтар әулетінің атына дақ түсірмеуге тырысып келеміз. Әрі өзіміздің күнделікті абыройлы ісімізбен еліміздегі мұнай саласының дамуына өз үлесімізді қоса береміз».

Жолдас Тұрғанбайұлы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында 1975 жылдың 30 тамызында қарапайым мұнайшылар отбасында дүниеге келді. Әкесі Тұрғанбай Маңғыбаев ОСК мекемесінде машинист қызметін атқарса, анасы Жұпар Маңғыбаева НГДУ мекемесінде қазандық операторы болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Әулеттегі төрт ағайындының ішінде үлкендері Жалғас пен Дүйсен («НГДУ» цех «БПО» мастері) КРС-мастерлері болса қарындасы Бағила Маңғыбаева Жетібай Мәдениет үйінде директор. Әрқайсысы өз алдына отбасылы.

Жолдас Маңғыбаев 1992 жылы Жетібай ауылындағы №3 орта мектепті бітіріп, Жетібаймұнайгаз мекемесінің жолдауымен СПТУ-1 училищесіне мұнайгаз операторы мамандығы бойынша оқуға түседі. 1993 жылдың 9 қыркүйегінде Жетібаймұнайгаз кәсіпорынына оператор болып жұмысқа қабылданған жас жігіт сол жылдың қысында әскер қатарына шақырылып, екі жыл Отан алдындағы борышын өтеп келеді. Бүгінде маңызды салада жемісті жұмыс істеп жүрген тәжірибелі маман бір кездері МГӨЦ №1 цехында ардагер мұнайшы (марқұм) Совет Қүлтасов пен диспечер Күміс Ермекбаеваның қасында ауысым операторы болып жұмыс атқарды.

«Өз ісінің шеберлерімен жұмыстас болып, олардан алған тәжірибенің, ақыл-кеңестің арқасында еңбегімнің жемісін көріп жүрмін», деп есіне алады Жолдас Маңғыбаев сол кездерді.

Жұмысты қатар алып жүріп, политехникалық колледжде «техник-технолог» мамандығын, кейін 2006 жылдан бастап ауысым операторы қызметінен ауысым-инженері қызметіне тағайындалғанда білімін ұштап, Болашақ университетінен мұнай-газ саласы бойынша бакалавр деңгейіндегі білімді игеріп алады. Ерен еңбегімен ер атанып жүрген абыройлы азаматты Компания басшылығы да бірнеше рет мақтау грамоталарымен, медальдармен марапаттады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: