Главная Новости Отандық өндірушілермен кем дегенде 10 оффтейк-келісім жасалады
15 мамыр 2019, 16:17 1887

Отандық өндірушілермен кем дегенде 10 оффтейк-келісім жасалады

Отандық өндірушілермен кем дегенде 10 оффтейк-келісім жасалады

«Самұрық–Қазына» АҚ мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлік саласын бірлесе дамыту туралы келісімге қол қойды. Қол қою рәсіміне Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Уағдаластық өндірістік кәсіпорындарға Қор компанияларымен ұзақ-мерзімді келісімшарт жасауға, бизнестің дамуын қамтамасыз етіп, отандық өндірушілерді қолдау мақсатымен тиімді шешімдерді қабылдауға бағытталған.

«Отандық тауар өндірушілерді қолдау – «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу жүйесін дамытудағы негізгі мақсаттардың бірі. Қазақстандық тауар өндірушілердің дамуының арқасында Қордың компаниялары сапалы тауарды тиімді бағамен сатып алуда, соның арқасында сатып алуға бөлінген қаражат айтарлықтай үнемделуде», - деді Ахметжан Есімов.

Келісімшарт шеңберінде жаңа өндірістерді қолдауға бағытталған кем дегенде 10 оффтейк-келісім жасау жоспарланған. Екі тарап та өндірісті жаңғыртуға бағытталған ұзақмерзімді келісімдер жасау механизмінің тиімділігіне сенімді. Жаңа құралдардың бірі – «Атамекен» палатасы құратын «Сатып алудың бірыңғай терезесі». Аталған құрал бизнеске нарықтың ауқымын шамалауға мүмкіндік береді, сатып алу үрдісінің жариялығын арттырып, тәуекелдерді кемітеді. А.Есімов биылғы жылы холдингаралық сатып алуларды тағы 30%-ға қысқарту жоспарланғанын атап өтті.

«Кәсіпкерлерге айтарым: қазіргі және ұсынылып отырған қолдау шаралары адал бизнеске арналған. Кәсіпкерлер өз кезегінде жергілікті өндірісті жаңғырту және цифрландыру бойынша ұсыныстарын енгізуі керек. Келісімде қарастарылған бастамалардың іске асуы отандық өнеркәсіптердің жаңа технологияларды игеріп, қосымша құны жоғары тауарларды өндіріп, көрші нарықтарға шығуына жағдай тудыратынына сенімдімін», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Келісім шеңберінде отандық бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар шара жоспарланған. Биылғы жылы Қор, «Атамекен» палатасы және салалық қауымдастықтардың қатысуымен импорттың орнын алмастыру мақсатымен «қарапайым заттар экономикасының» (жеңіл өнеркәсіп, жиһаз құрастыру, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығару, машина құрастыру) өнімдерін арттыруға бағытталған Жобалық кеңсе ашылады. Кеңсе сараптамасына сүйене отырып, «Атамекен» палатасы импорттың орнын алмастыру әлеуетін анықтап, қазақстандық өндірушілерді қолдау және дамытудың нақты стратегиясын әзірлейді. «Атамекен» палатасы индустриалды сертификат енгізу шеңберінде отандық өндірушілер шығаратын тауарлардың түгел қамтылуын қамтамасыз етеді. Аталған сертификаттары бар өндірушілер алдын-ала квалификациялық іріктеуден өткенде қосымша 20% ұпай алады. 

Биылғы жылдың басында Қор мен «Атамекен» ҰКП «Кабельдік-өткізгіш өнім» және «Арнайы аяқ киім» санаттары бойынша сатып алу стратегияларын бекітті. Бұл стратегиялар бойынша Қордың сатып алуларындағы үнемдеу 439 млн теңге болады деп күтілуде. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың арқасында жоғарғы вольтты трансформаторлар өндіретін «Азия-Траффо» зауыты  бұрын Қытай, Ресей мен Украинадан сатып алынған құрылғыларды өндіре бастады. Бұл жобалар ішкі инвестицияларды артырып, 200-ден астам жұмыс орнын құруға жағдай туғызды.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Қордың тауар, еңбек және қызмет сатып алу ережелеріне» Қор ішіндегі сатып алу үлесін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілген. Осылайша, ашық тендер арқылы сатып алынатын өнім көлемі 387 млрд теңгеден шамамен 1 трлн теңгеге дейін жетті. 2018 жылы Қор ішіндегі сатып алулар барлық сатып алулардың 90%-ын, немесе 3 трлн теңгені құраған болатын.

2018 жылдың қорытындысы бойынша, сатып алудағы үнемдеу 121 млрд теңгені құрады. Холдингаралық сатып алулардың көлемі 4500 тауар позициясынан 409-ға дейін қысқарды, яғни құны 309 млрд теңге болатын сатып алулар бәсекелестік ортаға берілді. Жаңа тәсіл 22 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 8000 кәсіпкерлік субъект қосымша тапсырыс алды. Биыл жаңа тәсілдердің арқасында үнемдеу көлемін 146 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: