Главная Новости Биыл вокзалдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі
15 наурыз 2024, 10:19 603

Биыл вокзалдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Биыл вокзалдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ биыл ел өңірлеріндегі 28 вокзалға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Ал Астана вокзалы күрделі жөндеу түрінен өтеді.

Компания бас инженерінің және Магистральдық желі дирекциясының күрделі салымдарға қатысты жоспарларын орындау бағытында Мойынты станциясының платформасын, Мырза, Аршалы, Доссор, Мақат, Шу вокзалдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін, ал Алға станциясында вокзал салу үшін биыл жобалық-сметалық құжаттарды дайындау жоспарлануда екен. Бұл 7 нысанға 60 млн теңгенің үстінде қаржы қарастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың вокзалдарда кедергісіз жүріп тұруына жағдай жасау іс-шаралары, яғни мүгедектік арбаларды, тактильді-дыбыстық мнемоникалық диаграммаларды, есту қабілеті нашар адамдар үшін индукциялық панельдерді сатып алу, шақыру түймелерін, пиктограммаларды, тұтқаларды ауыстыру жалғасатын болады.

Ғимараттар мен инженерлік жүйелерге жөндеу жұмыстарын жүргізе отырып қызмет көрсететін құрылымдық бөлімше құру және де Орынбор-Ташкент теміржол учаскесінің 120 жылдығына орай Илецк-Сарыағаш магистральдық желілік объектілерді дайындау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Ал Қарағанды, Тараз және Қызылорда станцияларында коммерциялық алаңдарды беру үшін бірыңғай операторды тарту бойынша жұмыстар жалғаспақ екен.  

Магистральдық желі дирекциясы директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі директоры Абай Досановтың айтуынша, өткен жылы вокзал шаруашылығына қатысты ауқымды жұмыстар атқарылған. Соның бірі, Қызылорда вокзалының 1905 және 1969 жылдары салынған екі ғимаратының жөндеу жұмыстары аяқталған екен. Мәселен, төбесі жөнделіп, 1905 жылғы бір қабатты ғимараттың қасбеті травертинмен қапталған. Су құбыры, жылу, электр жүйесі, өрт дабылы жүйелері жөнделіп, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, есік-терезелер қалпына келтіріліп, кафель төселіпті. Еденге және қабырғаға кондиционерлер орнатылған. Перронға және жолаушылар платформасына брусчатка мен асфальт төселіп, баспалдақтар мен пандустардың марштарын орнату жұмыстары жүргізілген. Жарықтандыру құрылғылары станция алаңына және ғимарат ішіне орнатылған. Екінші вокзал ғимараты да жаңарып, жаңа келбетке ие болыпты. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында қасбеті жаңартылып, кіреберіс аумағы ауыстырылған және шатыры жөнделіпті. Қызылорда станциясы арқылы 28 пойыз өтеді.

Жолаушылар ағынына келсек, ол тәулігіне шамамен 3900 адамды құрайды екен. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қарағанды, Семей, Ақтөбе магистральдық желі филиалдарының 19 вокзалында 20 жылыту қазандығы, яғни 16 электр, 4 газ қазандығы ауыстырылыпты. Сонымен қатар еліміздің курорттық аймақтарын дамыту шеңберінде Ақтоғай, Бескөл, Достық станцияларында, Көктұма, Жалаңашкөл, Бескөл станцияларында ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, дауысзорайтқыш құрылғылары мен отырғыштардың (орындықтардың) саны ұлғайтылып, жарықтандыру құрылғылары орнатылған. Сондай-ақ былтыр барлығы 59 вокзал ағымдық жөндеу түрлерінен өткен.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: