Главная Новости БҚО тұрғындары GPON технологиясын сынақтан өткізді
25 қараша 2022, 08:14 1005

БҚО тұрғындары GPON технологиясын сынақтан өткізді

БҚО тұрғындары GPON технологиясын сынақтан өткізді

Батыс Қазақстан облысы Зачаганск қала үлгісіндегі елді мекеніндегі «Бірлік» тұрғын үй кешенінің тұрғындары талшықты-оптикалық магистральға тікелей қосылды. Абоненттер қызметтің барлық спектрін бірдей алды: интернет, 160 арнасы бар сандық телевидение және IP телефония. Мұндай сан алуан қызметке қосылу мүмкіндігін тұрғындарға GPON технологиясы ашып берді.

Қазірдің өзінде компаниядан 200-ден астам отбасы «оптиканы» таңдады, және жүйрік интернетке қосылуға ниеттілер қатары әлі де өсуде. Бұрын мұнда тек 10 Мбит/с-қа дейінгі 4G сымсыз интернет қолжетімді болса, қазіргі таңдажаңа технологияны пайдалана отырып, интернет жылдамдығы 500 Мбит/с-қа дейін өскен болатын.

Телекоммуникация қызметін қосуға алғашқылардың бірі болып Хамидуллиевтер отбасы өтініш білдірді. Тұрғындардың айтуынша, интернет жылдамдығы үлкен көлемдегі файлдарды оңай жүктеп алуға, фильмдер көруге, бейнеқоңырау арқылы туыстармен байланысқа шығуға еш қиындықсыз мүмкіндік береді.

«Алғашқылардың қатарында болғанымыз үшін компания бізге шағын сыйлық жасады. Шынында да, тұтынушыларға осындай көңіл бөлетіні өте қуанышты. Бұрын отбасында тек мобильді интернетті пайдаланатын болсақ, қазір жоғары жылдамдықты интернетке деген қажеттілік артып тұрған кез. Балаларым мектепке барады, репетиторларға барады, мен оларды әртүрлі онлайн курстарға жазуды жоспарлап отырмын. Мен өзім би мектебінде жұмыс істеймін, барлық құжаттаманы өзім жүргіземін. Кейде үйден жұмыс істеуге тура келеді. Бұрын файлдар, құжаттар өте ұзақ жүктелетін,көп уақыт жоғалтатынбыз. Қазір мұндай қиындықтар жоқ. Күйеуім вахталық жұмыс жасайды, балалардың барлығында телефон бар, олар әкесіне кез келген уақытта бейнеқоңырау арқылы хабарласа алады. Бір сөзбен айтқанда, интернеттің нәтижесі мен сапасына көңіліміз толады», – дейді «Бірлік» тұрғын үй кешенінің тұрғыны Мира Хамидуллиева.

Айта кету керек, жаңа технология абоненттің пәтеріне тікелей кабель тартуды қарастырады, бұл пайдаланушыларға желіге жүктеме шамадан тыс артқанда еш үзіліссіз және еш кедергісіз жоғары сапалы интернетке қосылуға кепілдік береді.

«Қазақтелеком» құрылыс қарқынына ілесу үшін барын салып, тұрғын үйлерге сапалы қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде заманға сай дамып келе жатқан Зачаганск ауылында 7 үйді GPON технологиясына қостық, жыл сайын жаңа үйлер салынып, барлық инфрақұрылым жүргізілуде. Сонымен қатар, бізе ауылдық елді мекендерге де жоғары жылдамдықты интернетті қосуды белсенді түрде жалғастырып келеміз. Мұнда радиосигнал арқылы интернет желісіне барлығы 6 ауыл қосылған, олар – Қарақамыс, Алғабас, Ағоба, Ж.Молдағалиев, Қаратөбе және Бисен», – деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионының Батыс аймағындағы B2C сегментінің коммерциялық директоры Мұрат Амантай.

2022 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысында «Қазақтелеком» GPON желісіне 8 көпқабатты үйді қосты. Мамандар бұл технология қазір үлкен сұранысқа ие екенін, абоненттер тарифтік жоспарды өздері таңдайтынын, кез келген пакетке жоғары сапалы қызмет кепілдігі бар екендігінатап өтті.

«Бірлік» тұрғын үй кешенінің үш үйінде 477 пәтер болса, оның жартысы біздің клиенттеріміздің қатарына енді. Әрбір пәтерге талшықты-оптикалық кабель тартылды, бұл абоненттерге жылдамдығы 500 Мбит/с дейін жоғары цифрлық телевидение мен IP-телефония қызметтерін бір уақытта алуға мүмкіндік береді. Тұрғындар бұл технологияны жоғары бағалайды, өйткені GPON – бұл қызмет көрсетудің мүлдем басқа деңгейі», – дейді «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес дивизионының B2С бөлімшесінің тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының басшысы Ләзимай Нұржанова.

Айта кететін жайт, «Қазақтелеком» Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын заманауи GPON технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда, қазірдің өзінде Оралда 4 мыңға жуық көпқабатты үйлердің тұрғындары осы технологияны пайдаланады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: