Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
30 қарашада 1985 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген, әлемдегі ең үлкен көмір кеніші – «Богатырь» 50 жасқа толады.
«Богатырь Көмір» компаниясында бірқатар іс-шаралар мерейтойлық датаға орайластырылды. «Богатырьда» 40 жылдан астам жұмыс істеген кеншілер ведомстволық наградалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды, кеніш ардагерлері мерекелік төлем алды.
«Богатырь» кенішіне 50 жыл» ескерткіш монументі көру алаңында ашылды. Корпоративтік басылымның арнайы шығарылымы 50 жылдық мерейтойына арналды. «Bogatyr.kz» және корпоративтік интернет-ресурстарда орналастырылған бейнероликтер топтамасы ұсынылады. Компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында «Богатырь» тарихындағы маңызды оқиғалар кеңінен жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, кейіннен «Богатырь» атауын алған № 5/6 Ертіс көмір кенішінің бірінші кезегі 1970 жылғы 30 қарашада пайдалануға берілген болатын. Дәл осы атаулы күннен бастап бүкіл әлемге әйгілі көмір алыбы өз тарихын бастайды. Бүгінде «Богатырь» кеніші «Самұрық-Қазына» қазақстандық ұлттық әл-ауқат қорының «Самұрық-Энерго» АҚ бірлескен кәсіпорны – «Богатырь Көмір» ЖШС және «РУСАЛ» ресейлік Біріккен Компаниясының құрамына кіреді.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 65 пайызы және Қазақстандағы көмір өндірудің жалпы көлемінің 40 пайызы тиесілі. «Богатырь Көмір» ЖШС - ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі, оның баланстық қоры – 2,6 млрд тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 42 млн тонна көмірді құрайды, оның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша – 32 миллион тонна, «Северный» кеніші бойынша – 10 млн тонна. Осы жылдың соңына қарай «Богатырь Көмір» кеншілері тұтынушыларға 43 млн тоннадан астам көмір жөнелтуді жоспарлап отыр.
Таяу жылдары «Богатырь» кенішінде көмір өндіру мен тасымалдаудың циклдік-ағындық технологиясы енгізілетін болады. Ол көмірді темір жол көлігімен тасымалдаудан оны конвейерлік тасымалдауға көшуге мүмкіндік береді.
Қолданыстағы көмір тасымалдау технологиясымен салыстырғанда ағынды технологиялық кешеннің көптеген артықшылықтары бар. Атап айтқанда, таңдалған технология көмірді қатарлау және қатардан орташа тиеу кешенінде тиеу процесінде көмір сапасын басқаруды көздейді. Сонымен қатар, ол орташа көмірдегі күл құрамының ең жоғары орташа мәніне – 42%, ауытқудың орташа көрсеткіші – 2% қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Кеніште көмір жеткізу үшін пайдаланылатын жоғары шығынды темір жол көлігінің қысқаратыны және конвейерлермен алмастырылатыны да маңызды.
Өз кезегінде, автоматтандырылған тиеу пунктін құру вагондарға көмір тиеу процесіне жоғары дәлдік пен жылдамдық береді. Автоматтандырылған тиеу пункттерін енгізумен маневрлік станцияда маршруттарды беруге таратуды, салмақтау процесін және сынама алуды жүргізу қажеттілігі болмайды. Ал көмір сапасын бақылаудың заманауи жүйесі тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Ағындық технологияны енгізу «Богатырь» үшін 200 метрден астам тереңдікте көмір өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей нағыз серпіліске айналады, мұнда темір жол көлігін пайдалану аса қиын және «Богатырь» кенішінің қуатын жылына 40 млн тонна көмірге дейін арттырады.