Главная Новости «Богатырь Көмір» жазғы гүл егу науқанын бастады
11 июня 2026, 16:10 46

«Богатырь Көмір» жазғы гүл егу науқанын бастады

«Богатырь Көмір» жазғы гүл егу науқанын бастады

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы «Богатырь Көмір» өндірістік аумағында биыл 37 мыңға жуық гүл көшеті отырғызылды.

Биыл кәсіпорын нысандары маңын абаттандыру мақсатында 37 мыңға жуық барқытшөп пен шырайгүл көшеттері сатып алынды. Олардың 22 мыңы бас кеңсе алдына, спорттық-сауықтыру кешеніне, сондай-ақ «Жасыбай» демалыс аймағындағы «Березка» демалыс үйі мен «Қарлығаш» балалар лагерінің аумағына отырғызылды.

Қалған гүл көшеттері компанияның басқа құрылымдық бөлімшелеріне таратылып, өндірістік және әлеуметтік нысандардың маңын көркейтуге бағытталды.

Гүлдер тек аумақтың сәнін келтіріп қана қоймай, қызметкерлер мен демалушыларға жайлы атмосфера қалыптастырады. Осылайша, «Богатырь Көмір» жыл сайын айналаны гүлмен көмкеріп, туған өлкенің абаттануына өзіндік жарқын үлесін қосып келеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: