Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін «Богатырь Көмір» ЖШС-де эмульсиялы жарылғыш заттарды дайындауға арналған жарылғыш емес компоненттерді (ЭЖЗ) өндіру бойынша жеке модульді мобильді технологиялық желіні салтанатты түрде іске қосты, деп хабарлайды SKnews.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Богатырь Көмір» компаниясының тарихындағы алғашқы эмульсиялық жарылғыш заттарды дайындауға арналған жарылғыш емес компоненттерді өндіру бойынша технологиялық желінің құрылысы маңызды оқиға болды.Оны пайдалануға беру ЭЖЗ жеткізушілеріне тәуелділікті болдырмауға және жарылыс жұмыстарымен байланысты көмір кәсіпорнының операциялық шығындарын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді, бұған қоса ЭЖЗ-ға жұмсалатын шығындардың үлесі бұрғылау-жару жұмыстарына жұмсалатын шығындардың жалпы көлемінің 53%-ын құрайды.

Жаңа желі мыналарға мүмкіндік береді: бастапқы компоненттерді эмульсиялық жарылғыш заттың жарылмаған жартылай фабрикаттарына қабылдауды, дайындауды және қайта өңдеуді жүргізуге; эмульсия мен басқа компоненттерді дайындауға және оларды жинақтауға; қолдану орнында ұңғымаларды зарядтау үрдісінде ЭЖЗ одан әрі өндіру үшін компоненттерді араластыру-зарядтау машиналарына тиеуді жүргізуге. Технологиялық желінің тәуліктік өнімділігі – 70,6 тонна ЭЖЗ.
Жаңа өндірістің ашылу салтанатында «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Николай Корсаков құны шамамен 1 млрд теңге және құрылыс мерзімі 1 жыл болатын бұл жоба компания үшін өте маңызды болып табылатынын атап өтті.
«Өйткені, мердігерлер қызметінен толық бас тартуға, жарылыс жұмыстарының өзіндік құнын төмендетуге, жарылғыш заттарды екі есеге жуық сатып алуға мүмкіндік береді. Желінің өндірістік қуаты жылына 11 500 тоннаны құрайды. Біз үшін бұл аса маңызды әрі қажетті жоба. Ең алдымен, осы жобаны тікелей іске асырған жұмыс тобының мүшелеріне, оның іске асырылуына қатысқан және көмек көрсеткен барлық бөлімшелерге алғыс айтқым келеді. Өткен жылдың коронавирус, жабық шекаралар секілді барлық қиындықтарына қарамастан, шартқа сәйкес өз міндеттемелерін орындаған біздің «НИПИГОРМАШ» мердігерімізге алғыс айтамыз», – деді ол.

Жеткізуші кәсіпорын атынан «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығына көрсетілген сенімі үшін ризашылығын «НИПИГОРМАШ» КЕАҚ өкілі Алексей Кичигин білдірді.
Жаңа өндірістік желіні іске қосу үшін қызыл лентаны кесудің құрметті құқығы «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Николай Корсаковқа және «НИПИГОРМАШ» КЕАҚ өкілі Алексей Кичигинге берілді.
Жарылғыш емес компоненттерді өндіру технологиясымен компания басшылығы желі объектілеріне бару барысында ЭЖЗ ЖКДУ және БТП учаскесінің бастығы Төлеген Жақыпов таныстырды. Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру 21 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Іске қосу рәсімі осындай жағымды оқиғалар үшін дәстүрлі рәсім – корпустың бүйіріне шампан бөтелкесін сындырумен аяқталды.
Айта кету керек, жоба аясында ЭЖЗ дайындау технологиясы мен өндірістік желі жабдықтарын сатып алумен қатар, компания екі модификациядағы «КАМАЗ» базасындағы төрт араластыру-зарядтау машинасын, сондай-ақ телескопиялық тиегішті сатып алды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
161
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете