Главная Новости Богатырь Көмір қызметкерлері «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанды
17 сентября 2025, 12:19 476

Богатырь Көмір қызметкерлері «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанды

Богатырь Көмір қызметкерлері «Мерейлі отбасы» байқауында жеңімпаз атанды

 Жалпы еңбек өтілі 219 жылды құрайтын Тұрсынбаевтар әулетінің еңбек династиясы «Мерейлі отбасы» сайысында  Павлодар облысының барлық қала-аудандарынан қатысқан 13 отбасының арасынан озып шығып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Әулет отағасы – «Богатырь Көмір» ЖШС Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясының бас технологы Сейфула Тұрсынбаев, отанасы – «Богатырь Көмір» корпоративтік қорының атқарушы директоры Айгүл Тұрсынбаева. Екеуі де еңбекке адалдығымен ерекшеленіп, түрлі марапаттарға ие болған.

Отау құрғандарына 40 жыл толған ерлі-зайыптылар төрт бала тәрбиелеп, жеті немере сүйіп отыр. Ұлы Фарид, қызы Даяна мен оның жұбайы Александр, сондай-ақ келіні Гүлнәр бүгінде «Богатырь Көмір» ұжымының белді мүшелері.

Тұрсынбаевтар әулетінің еңбексүйгіштігі мен бірлігі – жас ұрпаққа үлгі. Енді әулет Республика күні қарсаңында қазан айында өтетін «Мерейлі отбасы» республикалық байқауында Павлодар облысының намысын қорғайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: