Главная Новости «Болашақ» станциясында жүк ағыны күрт артты
20 қаңтар 2022, 08:53 1874

«Болашақ» станциясында жүк ағыны күрт артты

«Болашақ» станциясында жүк ағыны күрт артты

Түрікменстанмен шекарадағы Болашақ станциясы арқылы өтетін жүк пойыздарының саны күрт артқан. Әсіресе, былтыр қараша айының соңынан бастап станция жолдарына келетін пойыздар сыймай, олар көрші бекеттерге бөлініп орналастырылған. Бұл туралы станция бастығы Мақсат Нұрбеков мәлімдеді. Бұл туралы «Қазақстан теміржолшысы» жазды.

Болашақ станциясында 10 жол болса, соған келетін пойыздар сыймай тек 8 жолға қабылдап, екеуі күнделікті келетін, өтетін пойыздарға босатылған. Қалған пойыздар Бестөрткүл, Құрмаш, Ақбөбек, Тайғыр, Өзен, Жетібай, Рай және басқа шағын бекеттерге біреу-екеуден  қойылған.

«Түрікмендер өз кезегінде тәулігіне бізден 3 пойыздан алып, өздерінің 1-2 пойызын әкеп тұрды. Ал бізде жүк ағыны артып, пойыздар жиналып қалып жатты. Сөйтіп 2022 жыл басталғалы, қаңтар айының басында ұлттық компания мен бөлімше басшыларының араласуымен Түрікмен теміржолы басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Сөйтіп олар қазір тәулігіне 4 пойызға дейін қабылдап жатыр. 4 пойыз тапсырып, 3 пойыз қабылдаймыз. Жүк ағыны станция тарихында бұлай артып көрмеген. Бізге, жалпы түбек теміржолына 1500 вагондай, яғни отыз шақты пойыз ағылып келе жатыр. Солардың бәрін өңдеп, жарамдылығын, сақталуын тексеріп, кедендік тексеруден өткізіп, қолдан келгенше көрші елге жылдам жөнелтуге тырысып жатырмыз», - дейді Мақсат Нұрбеков.

Осы орайда ол Түрікменстанның Болашақ сияқты шекаралық станциясы Серхетякада бар болғаны 6 жол бар екенін, осы жағдай да олардың жұмыс өнімділігіне кедергі келтіріп тұрғанын айтты. Сол себепті оларға жүк пойыздарын көптеп қабылдау қиындық келтіріп жатқанға ұқсайды. Ал Серхетякадан әрі қарай бекеттер Қазақстандағыдай жақын орналаспаған, одан әрі Берекет станциясына дейінгі аралық 440 шақырымды құрайды. Сөйтіп локомотивтер бұл аралықта тым ұзақ жол жүреді.

«Көршілер әлде де қабылданатын жүк пойыздарының санын арттыра алса, тым болмаса тәулігіне 6 пойыздан қабылдаса бізде топтасып жиналып, жолда күтіп тұрған жүк пойыздарының бәрін таратып, уақытында айналдыру мүмкін болар еді. Әрине, жүктің көбейгені – қуанышты жағдай, бұл теміржолға зор табыс, елдің экономикасына өсім әкеледі. Оның үстіне бұл станциядағы мекемелерде жұмысшылар штатын кеңейтіп, осы жерге халықтың көптеп қоныстануына да септік етер еді. Сондықтан қашан да ел игіліне еңбек етуге дайынбыз», - дейді станция бастығы.

Мақсат 2021 жылды алдағы жылмен салыстырғанда табысты болды деп қорытындылайды. Барыс жылы да сәтті жыл болады деген сенімде. Өткен жылы Болашақ станциясы арқылы шетелге 438 пойыз, яғни 20556 вагон жүк жөнелтілсе, керісінше Түрікменстаннан Қазақстанға 392 пойыз, яғни 17188 вагон жүк қабылданған. Өтіп жатқан жүктердің көбі – астық. Мысалы, бір пойызда 41-42 вагон болса, соның барлығы астық. Кейде аралас та жүктер кездеседі. Қазақстанның Ақмола станциясынан Түрікменстанның түрлі өңірлеріне астық жөнелтілуде. Ал транзиттік жүктер Иранға бағыт алуда. Көбіне, олар жеміс-жидектер мен көкөністер жібереді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Маңғыстау облысы «қызыл» аймақтағы өңір болғандықтан Болашақ станциясында карантин шаралары қатаң сақталады. 

Райхан Рахметова

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: