Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес құрамына белгілі мемлекет пен қоғам қайраткерлері, сарапшылар, қаржы секторының өкілдері мен медиа-қоғамдастық өкілдері кірді. Ашық дауыс беру нәтижесінде Қордың төрағасы болып «Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасы Болат Жәмішев сайланды. Бұл туралы қордың ресми сайтында хабарланды.
Болат Жәмішев Қоғамдық кеңес ең алдымен қоғамдық пікірді қалыптастырып, жетілдіру, «Самұрық-Қазына» АҚ атына азаматтардан келіп түсетін сауалдарды нақты ұсыныстарға айналдырумен айналысатынын атап өтті.
Алғашқы отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері «Самұрық-Қазына» қорынреформалау жоспары туралы баяндаманы тыңдады. Қор өкілдері жетілдіру үрдісінің алғашқы нәтижелерімен танысып, Кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді.
Жиынға қатысушылар қоғамда қызу талқыланып жатқан өзекті мәселелерді, соның ішінде кадрлық саясат, сатып алулар, «Самұрық-Қазына» тобының активтерін жекешелендіру, ұлттық компаниялардың қордаланып қалған проблемаларын жан-жақты талқылады.
Айта кеткен жөн, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің жұмысы қаржылай шығындарды талап етпейді. Себебі, Қоғамдық кеңес мүшелеріне еңбекақы төленбейді.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев өз кезегінде қоғаммен ықпалдасу Қордың қызметін жетілдіру және ұйымдастыру жолындағы маңызды тетік екенін тілге тиек етіп, Қоғамдық кеңес мүшелерімен ашық диалог орнатуға әзір екенін жеткізді.
Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша, Кеңес мүшелері Қордың жұмысын жандандырып, оның ашықтығын қамтамасыз етіп, есептілігін арттыруға мүдделі екенін білдірді.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі 2021 жылы желтоқсан айында үміткерлерді ашық конкурс арқылы іріктеу жолымен қалыптастырылған. Оның құрамына 10 адам кіреді:
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
72
03 февраля 16:00
Получены первые результаты испытания скважины на участке Каратон Подсолевой
69
03 февраля 15:25
Атырауские студенты проходят обучение на заводе в рамках дуальной системы образования