Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орны мұнайының тұтқырлығы жоғары әрі шайырлы, құрамында күкіртті қосылыстардың көп болуымен ерекшеленеді. Мұндағы өнімді қабаттардың тереңдігі — 230–460 м аралығында. Бұл ерекшеліктер мұнайды тиімді өндіру үшін озық технологиялар қолдануды қажет етеді.
Мұнайдың физикалық-химиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін ескере отырып, 1980 жылы Қаражанбас кен орнында игеру жұмыстары басталған сәттен-ақ қабат қысымын қалпына келтіріп, мұнай алу коэффициентін арттыру үшін термиялық әдіс — бу айдау технологиясы қолданылады.
Термиялық әдіспен әсер ету — ұңғыма маңындағы қабат аймағын қыздыру арқылы өнімділікті арттырады. Өңдеу барысында қабаттың фильтрациялық қасиеттері жақсарады, мұнайдың тұтқырлығы төмендейді, қозғалыс қабілеті артып, мұнай беру көбейеді. Өнім көлемін арттыру үшін Қаражанбаста стационарлық бу генераторлық қондырғылар жұмыс істейді.
Соңғы 13 жыл көлемінде жылыту әдісі арқылы кен орнының шығыс бөлігінде өндіріс деңгейі 31,31%-дан 62,78%-ға, солтүстік бөлікте 25,42%-дан 50,65%-ға, орталық бөлікте 56,64%-дан 75,35%-ға жеткен. Соңғы 10 жыл ішінде жалпы мұнай өндіру көлемінің шамамен 60%-ы бу айдау жүргізілетін аймақтардан алынған. Бұл мәліметтер бу айдау — қорларды өндіру мен мұнай алу коэффициентін арттырудың тиімді әдісі екенін дәлелдейді.
«Қаражанбасмұнай» АҚ өз жұмысын үнемі жетілдіріп, инновацияларды енгізеді. 2016 жылдан бері буды сумен кезектестіріп айдау әдісі өндірістік-тәжірибелік сынақтан өткізіліп келеді. Нәтижесінде өндірілген мұнай көлемі 69 мың тоннаға артты. «Қаражанбасмұнай» АҚ биылдан бастап бу айдау ұңғымаларының қабылдау профилін теңестіру үшін өндірістік сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл қабаттарды жылыту әдісін оңтайландырады және мұнай алу коэффициентін одан әрі арттырады.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
49
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы