Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Барыс» хоккей клубының бас серіктесі болып табылады.
«Хабар» телеарнасында отандық хоккей спорты туралы алғашқы мотивациялық «Барыс GENERATION» жаңа сериалы көрерменге жол тартады. Телетуындының 15 бөлімі барысында көрермендер хоккей әлемімен танысып, командаға жанкүйер бола алады. Қазақстандық хоккей командасы туралы жаңа тележоба 7 желтоқсан күні сағат 22:30-да «Хабар» телеарнасының эфирінде көрсетіледі, деп хабарлады арнаның баспасөз қызметі.
«Желтоқсан айында «Хабар» телеарнасының көрермендеріне қазақстандық хоккейдің жетістіктері мен бұқаралық спортты насихаттауға арналған жаңа телехикая жол тартады. Бұл жоба отандық спортқа деген қызығушылықты арттырып, біздің хоккей командамыздың имиджін нығайтатынына сенімдімін», – деді «Хабар «Агенттігі» АҚ-ның басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.
Телехикаяның сюжеті бойынша жастар хоккей лигасынан шығып кетудің алдында тұрған жас клубтың бас жаттықтырушысы болып ҚХЛ-дың ойыншысы Бауыржан Есмұратов тағайындалады. Ол команданы біріктіріп, жеңіске жеткізе алады ма?
Сериалды түсіріліміне дайындық аясында актерлік құрам үш ай бойы «Барыс» хоккей клубының жаттықтырушылары штабының бақылауында хоккей ойыны бойынша арнайы оқудан өтті.