Главная Новости Бұқтырма ГЭС акциялары неге артты? Самұрық-Энерго түсіндірмесі
11 қараша 2022, 13:00 1736

Бұқтырма ГЭС акциялары неге артты? Самұрық-Энерго түсіндірмесі

Бұқтырма ГЭС акциялары неге артты? Самұрық-Энерго түсіндірмесі

2022 жылғы 10 қарашада кей интернет-басылымдарда бірқатар миноритарлық акционерлердің, ардагер-энергетиктердің экономикалық сотқа «Бұқтырма ГЭС» АҚ-ға қатысты шағымы туралы материалдар жарияланды. Бұл наразылық шағымы бойынша аталған кәсіпорынның негізгі меншік иесі болып табылатын «Самұрық-Энерго» АҚ  біржақты тәртіппен  «Бұқтырма ГЭС» АҚ-ның 10 млн жай акциясын қосымша шығару туралы шешім қабылдаған, талапкерлердің пікірінше, артықшылықты акциялар иелерінің үлесін 10%-дан 3,7%-ға дейін «құлдыратқан».

Ең бастысы – «Бұқтырма ГЭС» АҚ акционерлері жалпы жиналысының жарияланған акциялар санын ұлғайту туралы 2021 жылғы 19 қарашада қабылданған шешімі артықшылықты акцияларға иелік ететін акционерлердің құқықтарына ешқандай әсер етпеді. «Бұқтырма ГЭС» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің кепілдік берілген мөлшерін азайтқан жоқ, сондай-ақ артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтер мөлшерін есептеу тәртібін де, дивидендтер төлеудің белгіленген тәртібін де өзгерткен жоқ.

«Бұқтырма ГЭС» АҚ-ның жарияланған акциялар санының ұлғаюының себебі неде?

Қазақстанда Республиканың гидроэнергетика саласын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған жоспары қабылданды және іске асырылуда. Осы жоспарға сәйкес Қазақстанда гидроэнергетиканы дамытуды қолдау, соның ішінде жаңа ГЭС салу, жұмыс істеп тұрған ГЭС-ті жаңғырту және реконструкциялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру көзделуде.

Егер нақтырақ айтар болсақ, мына аталған жобалар ел энергетикасы үшін де, халық игілігі үшін маңызды болып табылады: Шүлбі ГЭС-і контрреттегішінің құрылысы, аталған жоба станцияның 702 МВт көлемінде белгіленген қуатын толық пайдалана отырып, ең жоғары қуат көзін 432 МВт-қа ұлғайтуға мүмкіндік береді; түрлі деңгейдегі апталық-тәуліктік су жіберілімдерін теңестіру үшін Кербұлақ ГЭС-і контрреттегішін салу және Қапшағай ГЭС-ін Оңтүстік энергия аймағының ең жоғары жүктемелерін жабу режиміне ауыстыру; қуат тапшылығы бар Алматы облысының энергия жүйесіне жеткізу үшін электр энергиясының маневрлік көзін қалыптастыру мақсатында төрт шағын ГЭС нысанын салу.

Қазақстан Республикасының гидроэнергетика саласын дамытудың 2020-2030 жылдарға арналған жоспарын іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «Бұқтырма ГЭС» АҚ қоса алғанда, барлық субъектілер тартылған болатын. Дәл осы Жоспарды іске асыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ және «Бұқтырма ГЭС» АҚ қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Бұқтырма ГЭС» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту қадамына барып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: