Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік басқармасының бұрғылау және ұңғымаларды күрделі жөндеу бөлімі жұмысшылары «Супервайзер ісі» бойынша біліктілік арттыруда, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Теориялық сабақтарда 35 жұмысшы ұңғымаларға бақылау жасап, құралдар түрімен танысып, күрделі жөндеу кезіндегі технологиялық бақылау тәртібін меңгеріп жатыр. Бұдан бөлек олар технологиялық процестерді есептеп, инженерлік ойлау дағдысын қалыптастыруды үйренеді.
«Супервайзинг не үшін керек?! Жыл сайын бюджетке қазу мен ұңғымаларды жөндеу жұмыстарына көп қаражат салынады. Бұл процесстерге бақылауды күшейтуіміз керек. Осы арқылы жұмыс сапасы артады. Сапа артқан жерде өндіріс көлемі көбейетіні белгілі», – деді қызмет жетекшісі Нұралы Гулджумаров.

Жетекші инженер Кенжебек Қазиев кен орнында 13 жылдан бері жұмыс істейді. Ұңғымаларды бұрғылау мен жерасты жөндеудің қыр-сырын жетік меңгерген Кенжебек коучтардан алған ақпарат арқылы білім көкжиегін кеңейтіп жатқанына қуанышты.
«Сабақ басталғаннан бері супервайзинг бойынша жақсы ақпараттар алдық. Дәріс ойдағыдай өтіп жатыр. Әзірге жаңа технология мен жаңадан шығып жатқан құрал-сайман түрлерімен танысып жатырмыз. Жұмысшылардың білімін жетілдіруге жағдай жасап жатқан Компания басшылығына алғысымыз шексіз», – дейді Кенжебек Қазиев.
Жұмысшылар теориялық материалдарды меңгеруден бөлек, бірқатар практикалық тапсырмалар орындайды. Сабақтар ашық диалог форматында өтіп жатыр. Оқытудың екінші кезеңі кен орнында өтеді деп жоспарланған. Оқу соңында дәріс берушілер талдау жасап, нормативтік-техникалық құжаттарды реттеуге көмектеседі. Алдағы уақытта Компания өз күшімен супервайзинг бойынша әлемдік стандарттарға сүйене отырып жұмысын жалғастырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
167
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете