Главная Новости БҰҰ Транскаспий дәлізін қолдады
20 сәуір 2023, 10:49 1041

БҰҰ Транскаспий дәлізін қолдады

БҰҰ Транскаспий дәлізін қолдады

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Женевада БҰҰ СПЕКА-ға қатысушы елдер министрлерінің интерактивті диалогына қатысты, деп хабарлады Rail-news.kz.

Отырыс барысында транзиттік маршруттарды әртараптандыру, сауда және көлік рәсімдерін оңайлату, цифрландыру, жасыл бастамалар, сондай-ақ БҰҰ СПЕКА көпжақты серіктестік сенім қорын құру және т. б. мәселелер талқыланды. (СПЕКА - БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасы)

Ә. Қуантыров өз сөзінде атап өткендей, бүгінгі таңда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты қазақстандық экспорт пен транзиттік жүктерді тасымалдау үшін қосымша бағыт болып табылады. ТХКБ маршрутының өткізу қабілеті жылына 6 млн. тоннаны құрайды. ТХКБ шеңберінде Ақтау және Құрық порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу бойынша 2 есе өсім байқалады.

Сондай-ақ, министр️ Қазақстан СПЕКА-ны ұлттық бастамаларды, аймақтық күш-жігерді және БҰҰ тәжірибесін біріктіретін бірегей платформа ретінде қарастыратынын айтты.

"Өткен жылы Қазақстанның төрағалығымен біз жұмыс топтары шеңберіндегі ынтымақтастықты ілгерілетіп, СПЕКА-ны институттандыруда елеулі прогреске қол жеткіздік. Сараптамалық деңгейде жалғасып жатқан талқылаулар Ұйымға қатысушы барлық мемлекеттердің белсенді үлесімен нығайтылуда және биылғы жылы біз СПЕКА процесіне серпін беру үшін күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет", - деді министр.

Қазақстан мен СПЕКА-ға қатысушы басқа елдер арасындағы тауар айналымы 2022 жылы $9,4 млрд-қа жетті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 32%-ға артық ($7 млрд). Қазақстан экспорты 34%-ға ($7 млрд-қа дейін), ал импорт 25%-ға ($2,4 млрд) өсті.

Ә.Қуантыров ҚР Үкіметі кешенді экономикалық реформалар жүргізіп жатқанын, оның басымдықтарының бірі Цифрлық және "жасыл" бастамалар болып табылатынын еске салды. Сөз соңында министр Қазақстан тиімді өңірлік ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін СПЕКА әлеуетін белсенді пайдалануды жалғастыратынын атап өтті.

Кездесу БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы Бағдарламасының 25 жылдығында өткізіліп жатыр. Бұл бағдарлама 1998 жылы 26 наурызда Ташкент Декларациясымен құрылды. СПЕКА-ға қатысушы елдердің құрамына Қазақстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді. Биыл СПЕКА-ға Әзірбайжан төрағалық етеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: