Главная Новости Cала ардагерлері салған сара жол
27 желтоқсан 2022, 16:50 1141

Cала ардагерлері салған сара жол

Cала ардагерлері салған сара жол

Қаражанбас мұнайшылары өлке өндірісіне өмірінің талай жылын арнап, ел мен халық мүддесі үшін аянбай еңбек етіп келеді. Сондықтан олардың есімі қазыналы түбек тарихында сақталары сөзсіз. Бұл материал қабат қысымын ұстау саласының майталман маманына айналған Асқар Тышқанбаевтың өнегелі еңбек жолы туралы.

Асқар Тышқанбаевтың Қаражанбастағы қызметі отыз жылдан астам уақыт бұрын қатардағы көлік жүргізушісі болып басталған. Алғашқы күннен-ақ мұнай игерудің қыр-сырын терең меңгеруге асыққан Асқар одан соң жаңа цехқа ауысып, жұмысын қабат қысымын ұстау операторы, кейін сорап қондырғыларының машинисі болып жалғастырды. Уақыттың жүйріктігіне таң қалып, соңғы вахта ауысымын абройлы аяқтап отырған ардагер, замандастарымен бірге Қаражанбас тарихын қалыптастыруға зор еңбек сіңіргеніне дән риза.

«Қаражанбас мұнайшылар үшін тек қызмет орны емес, кәсіби жетілу мен өмір белестерінде салмақты шешім қабылдауды үйреткен үлкен өмір мектебі. Кен орнына жас маман болып келіп, бүгінде сала ардагеріне айналып отырмыз. Ғұмырымның болашағы жарқын кен орнында адал әріптестермен, бастысы кәсіби ортада жарасым тапқанына өте қуаныштымын», – дейді Асқар Тышқанбаев.

Тұрақтылық, білім мен жауапкершілікті қатар ұстаған кейіпкеріміз өмірдің маңызды кезеңі – құрмет демалысына шығып, бейнетінің зейнетін көретін шаққа қадам басты. Оның өмір дастаны абыройлы еңбек пен ұзақ жылғы мол тәжірибесімен құнды. Ал жас мұнайшылар толқыны аға буын артқан сеніммен жарқын болашақ жолында еңбектене бермек. Бұл қаражанбастықтар үшін қалыптасқан қағида, бабадан балаға мирас болған ұрпақтар сабақтастығы іспетті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: