Главная Новости Cамұрық-Қазына құны 5 млрд теңгеге жуықтайтын әлеуметтік жобаларды іске асыруда
09 сәуір 2019, 14:11 1886

Cамұрық-Қазына құны 5 млрд теңгеге жуықтайтын әлеуметтік жобаларды іске асыруда

Cамұрық-Қазына құны 5 млрд теңгеге жуықтайтын әлеуметтік жобаларды іске асыруда

"Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына қатысты. Өз баяндамасында Ахметжан Есімов Қор іске асырып жатқан әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелері жайлы хабардар етті деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Ахметжан Есімовтың айтуынша, Қор, Мемлекет басшысы атап өткен әлеуметтік бастамалардың барлық бағыттарын белсенді түрде іске асырып жатыр.  

Ағымдағы жағдай бойынша "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры "Самұрық-Қазына" қорына қарасты барлық компаниялардың атынан жалпы құны 4,8 млрд теңге болатын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 15 жобаны жүзеге асырып жатыр.

"Сал ауруына шалдыққан 1170 балаға тегін оңалту курстары ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы 9000-нан астам жасөспірім Қордың қолдауымен оқу және спорт үйірмелеріне тегін қатысып жүр.

Қазақстанда емделмейтін дертке шалдыққан 100-ге жуық балаға шетелде емделуге қаржылай көмек көрсетілді. 1400-ге жуық Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік – тұрмыстық көмек көрсетілді.

Еліміздің 11 облысының елді мекендерінде 41 әмбебап спорт және ойын алаңы орнатылды. 60 коммерциялық емес ұйымның 120 өкіліне қосымша білім және кеңес беру арқылы көмек көрсетіледі, оның ішінде 50 ұйымға өз әлеуметтік кәсіптерін дамытуға қаржылай грант берілді.

Биыл, сондай-ақ, "Медициналық пойыздар" жобасы аясында республиканың шалғай бекеттерінде тұратын 60 000-нан астам адамға білікті дәрігерлер диагностика жасап, ем көрсетеді", делінген хабарламада.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: