Главная Новости Cамұрық-Қазына Түркістан облысын өркендетуге көмектеседі
17 қазан 2019, 12:50 2056

Cамұрық-Қазына Түркістан облысын өркендетуге көмектеседі

Cамұрық-Қазына Түркістан облысын өркендетуге көмектеседі Сурет: "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ баспасөз қызметі

Бүгін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешені, электрондық сауда мен пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, "Smart сity" технологиясын дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт көрініс тапқан.

Осылайша, "Smart сity (ақылды қала)" жобасы Арыс және Түркістан қалаларын сервистік үлгі бойынша дамытуға арналған. Осы бағдарлама аясында Қор Түркістан облысындағы 97 мектеп пен ауруханаға дейін талшықты-оптиалық байланыс желісін және радиожелі салуды және Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камерасын және 50 wi-fi нүктесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

 "Қазіргі таңда Түркістандағы Қор компанияларында 19 мыңнан аса қызметкерлері бар 20 кәсіпорын мен филиал жұмыс істейді.  Электроэнеретика, газ, пошта, ақпараттық коммуникация және экономиканың басқа да салалары бойынша Қор бірнеше жобаларды жүзеге асыруда",- деді Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Айта кету керек, Қор Арыс қаласын қалпына келтіруге белсене қатысты. Қор Арыс қаласында әлеуметтік инфрақұрылымның 68 нысанын қалпына келтірді, оның ішінде 16 мектеп, 36 балабақша, 8 денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысаны, колледж, теміржол вокзалы, Даңқ аллеясы және орталық алаң бар.

Бұдан басқа, өңірдегі энергетикалық кешеннің даму тақырыбы сөз болды. Мәселен, қуаты 220кВ жаңа қосалқы станцияның құрылысы күтілуде, оған кернеуі 110 кВ жергілікті тарату электр желісі қосылатын болады.

еморандум алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді деп сенеміз", - деп атап өтті облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Меморандумның басым бөлігі сатып алу мәселесіне, атап айтқанда импорт алмастыру және жергілікті қамтуды дамытуға арналды. Қор ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу арқылы Түркістан облысында жаңа өндірістерді құруды көздейтін жобаларға қолдау көрсетеді. Әкімдік өз тарапынан жаңа өндірістер құру бойынша жобаларды іріктеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тәсілі қарастырылады.

Елорда кәсіпкерлеріне Қор тобының сатып алуларына қатысуға жәрдемдесу шеңберінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ өңірдің кәсіпорындарынан тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемінің өсуін және жаңа жұмыс орындарын құруды, инвестицияларды тартуды, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды назарда ұстайды.

Сонымен қатар, тараптар Түркістан облысының әлеуметтік саласының мәселелерін талқылады. Қор сал аурына ұшыраған балаларды оңалту бағыты бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуге, инклюзияны қолдау кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыруға, салауатты өмір салты мен спортты насихаттауға қаржылай жәрдем жасайды. Мәселен, Түркістан қаласындағы амфитеатр, оқушылар сарайы, 7000 орындық стадион, Қожа Ахмет Яссауи атындағы мұражай, Конгресс-холл, "Smart City" жобасы сияқты әлеуметтік нысандарды салуға және байланыс желілерін жүргізуге жалпы 33,6 млрд теңге бөлінді. 

Сөз соңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев "Самұрық-Қазына" қорына аймақтың дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: