Главная Новости CASPI BITUM мен ПМХЗ 1 қарашадан бастап климаттық жағдайына бейімделген жол битумын шығара бастайды
27 октября 2026, 17:10 28

CASPI BITUM мен ПМХЗ 1 қарашадан бастап климаттық жағдайына бейімделген жол битумын шығара бастайды

CASPI BITUM мен ПМХЗ 1 қарашадан бастап климаттық жағдайына бейімделген жол битумын шығара бастайды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына кіретін Ақтаудағы CASPI BITUM зауыты және Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) биыл 1 қарашадан бастап БНД 100/130 маркалы жол битумын өндіруді тоқтатып, өңірлердің климаттық жағдайына бейімделген маркаларды өндіруге көшеді. Атап айтқанда, солтүстік және орталық өңірлер үшін БНД 70/100 маркалы және оңтүстік өңірлер үшін БНД 50/70 маркалы жол битумын өндіре бастайды.

▪️Бұл шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау аясында қабылданды.

▪️Айта кетейік, екі зауыт жол-құрылыс саласын дамытуға елеулі үлес қосып, ішкі нарықты отандық жоғары сапалы битуммен тұрақты қамтамасыз етіп келеді. Олардың жиынтық өндірістік қуаты Ақтауда – 750 мың тоннаны, ал Павлодарда шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Жалпы, екі кәсіпорын жылына 1,2 млн тонна битум шығарып, елдің жол битумына деген қажеттілігін толық жауып отыр.
 

Анықтама:
БНД - «жол құрылысына пайдаланылатын мұнай битумы» дегенді білдіреді. Марка белгісіндегі цифрлар 25°C температурада 100 г жүктеме әсерімен 5 секунд ішінде иненің битумға ену тереңдігінің рұқсат етілген диапазонын көрсетеді. Көрсеткіш миллиметрдің оннан бір бөлігімен өлшенеді. Мысалы, цифрлар неғұрлым кіші болған сайын, битум соғұрлым қатты болады: БНД 50/70 маркасында ине 5,1–7 мм, ал БНД 100/130 маркасында 10,1–13 мм тереңдікке енеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: