Главная Новости Caspi Bitum зауытының қуатын 1,5 есе арттыру мәселесі талқыланды
02 қыркүйек 2022, 14:04 1024

Caspi Bitum зауытының қуатын 1,5 есе арттыру мәселесі талқыланды

Caspi Bitum зауытының қуатын 1,5 есе арттыру мәселесі талқыланды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма басшысы Мағзұм Мырзағалиев Атырауда көшпелі кеңес өткізді. Онда ішкі нарықты жол битумымен қамтамасыз ету, Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту, зауытты жөндеу мерзімі талқыланды. Жиналасқа ҚазМұнайГаз, АМӨЗ және Caspi Bitum Ақтау битум зауытының басшылығы қатысты.

«Кеше Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жол-құрылыс жұмыстары маусымында ішкі нарықта битум тапшылығына қатысты әділ сын айтты. Серіктестермен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалыптасқан жағдайды өзгерту бойынша түбегейлі шаралар қабылдау қажет», - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Жиын барысында айтылғандай, Қазақстанда битумға деген сұраныс жаз айларында жол құрылысы белсенді жүргізілетін шақта арта түседі. Осыған байланысты, Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаздың» жауапты құрылымдық бөлімшелеріне уәкілетті мемлекеттік органдармен жол-құрылыс ұйымдарын мемлекет тарапынан жыл бойы қаржыландыру (аванс беру) мүмкіндігін талқылауды тапсырды. Бұл жол-құрылыс жұмыстары маусымының басталуына қарай ішкі нарықта битумның қажетті қорын жинақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жиында Caspi Bitum зауытының қуатын 1,5 есе арттыру мәселесі талқыланды. Бұл жоғары сапалы битум өндірісін жылына 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Caspi Bitum келтірген дерек бойынша, мұнай өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар, оның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп те қойған, мамандар жобалауға кірісіп жатыр.

Жиын барысында сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығы кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеп тұрғанын, өндірістік көрсеткіштер уақтылы орындалып жатқанын баяндады. Биылғы жылдың  қорытындысы бойынша зауытта мұнай өңдеу көлемі 5 млн тоннадан аспақ. Жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Атырау мұнай өңдеу зауытының қыркүйекке жоспарланған жөндеу жұмысын кейінге ауыстыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл ретте Мағзұм Мырзағалиев зауыт басшылығына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі жағдайды ескере отырып, зауыттың ағымдағы жөндеу жұмысын кейінге ауыстыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: