Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Бірыңғай қайырымдылық операторы - Samruk-Kazyna Trust қоғаммен байланыс саласындағы XII Қазақстандық «Ақ Мерген» сыйлығының жеңімпазы атанды.
Charity Samruk Marathon – 2024» марафон жобасы «Қайырымдылық» номинациясында жеңіске жетті.
Қазылар алқасы жобаның нәтижелерін, коммуникациялық стратегиясын және креативті шешімдерін жоғары бағалады.
«Charity Samruk Marathon – 2024» өткен жылы маусымда Астанада өткен. Оған 1200-ден астам адам қатысып, 127 млн теңге жиналды.
Бұл қаражатқа Астанадағы 5 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Соның арқасында 150-ден астам бала инклюзивті біліммен қамтылды.