Главная Новости "Цифрлық жаз" бағдарламасының екінші толқыны басталды
18 наурыз 2019, 14:49 2923

"Цифрлық жаз" бағдарламасының екінші толқыны басталды

"Цифрлық жаз" бағдарламасының екінші толқыны басталды

"Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында "Цифрлық жаз-2019" тағылымдама бағдарламасының екінші толқыны іске қосылды. Бағдарлама қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттеріне Қордың қоржындық компанияларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама өзінің нәтижелілігін көрсетіп, 72 жас маман тағылымдамадан өтсе, оның 33-і жұмысқа қабылданды деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Биыл бағдарламаның талаптары өзгерді. Бұл туралы бүгін баспасөз маслихаты кезінде "Самұрық-Қазына" АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев мәлімдеді.

"Цифрлық жаз-2019" бағдарламасы бойынша тағылымда арқылы білімін шыңдайтын жастардың нақты санын қабылдау мақсаты белгіленген жоқ. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы білікті кызметкерлерді іріктеуге мүдделі. Сондықтан биыл бағларламаға қатысушылар үшін талаптар өзгертілді. Енді Қордың компаниялар тобында тағылымдамадан өтуге ниет білдірген студенттер үшін 4 деңгейден тұратын іріктеу қарастырылған", - деп атап өтті Дәурен Керейбаев.

Жаңа талаптарға сәйкес бакалавриат бағдарламасымен оқитын 3,4 курс студенттері және магистратураның 1,2 курсында оқитын студенттер бағдарламаға қатысуға мүкіндік алады. Айта кететін жөн, биыл іріктеу кезеңі төрт деңгейден тұрады: бағдарламаның ресми сайтында тіркелу және онлайн IT тест, IT мамандығының бағыты бойынша тапсырманы шешу және қабілеттілікті тексеретін тапсырма. Ақпараттық технологияларға деген қызығушылық және Қор компанияларында ІТ саланың дамуына үлес қосу бағдарламаның негізгі талабы болып саналады.

Тағылымдамаға қатысу үшін кәсіби тәжірибенің болуы міндетті емес. Ақпараттық жүйелер мен инфрақұрылымды әкімшілендіру, жобалық басқару, бағдарламалау, қосымшалар архитектурасы, ақпараттық қауіпсіздік қағидалары саласында негізгі білім қажет.

Жоғарғы оқу орындарын 2019, 2020 жылы бітіретін бакалавр және магистратура  студенттері "Цифрлық жаз-2019" бағдарламасының ресми сайтына http://digital-summer.sk.kz кіріп, өтінім қалдыра алады.

Бағдарламаға өтінім беру кезеңі 7 сәуірге дейін жалғасады. Тағылымдама 17 шілде мен 29 тамыз аралығында Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар және Атырау қалаларында өтеді. Бағдарламаға қатысу үшін студенттер бағдарламаның ресми сайтына кіріп, ақпараттық технологияларға байланысты 20 сұрақтан тұратын тестіден өтуі керек. Бұл іріктеуден өткен жастар Қор тобындағы компания өкілдерімен сұхбатқа шақырылады. Үздік танылған үміткерлер тағылымдама бағдарламасының қатысушысы атанады. Айта кеткен жөн, биыл бағдарламасы аясында тәлім алушыларға шәкіртақы төленеді.

Оқыту бағдарламасын Қор жетекші ІТ компаниялармен бірлесе әзірледі. Тағылымдамадан өтетін жастар құнды тәжірибе жинап, білім алады. Бұл өз кезегінде оларды бәсекелестігі жоғары ІТ саласында артықшылыққа ие болып, SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларының өнімдерімен жұмыста шыңдайды.

Айта кеткен жөн, "Цифрлық жаз" бағдарламасы 2018 жылы іске қосылды. "Самұрық-Қазына" АҚ 2018 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Цифрлық жаз-2018" бағдарламасына оң бағасын берді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: