Главная Новости Цифрлық құжаттарды Қазпошта бөлімшелерінде пайдалануға болады
22 ақпан 2022, 09:30 1248

Цифрлық құжаттарды Қазпошта бөлімшелерінде пайдалануға болады

Цифрлық құжаттарды Қазпошта бөлімшелерінде пайдалануға болады

EGov mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінің арқасында «Қазпошта» АҚ клиенттері енді жеке басын куәландыратын құжаттың цифрлық аналогы бойынша сәлемдемелерді қабылдап, жібере алады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы.

«Қазпошта» АҚ клиенттері Қазақстандағы барлық бөлімшелерде сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту кезінде цифрлық жеке куәліктерді пайдалана алады. Жоба Қазпоштаның пошта қызметтері үшін пилоттық режимде іске қосылды.

Жаңа қызметті пайдалану үшін:

  • eGov mobile мобильдік қосымшасында авторизациядан өту;
  • «Қызметтер» бөліміндегі «Цифрлық құжаттарды таңдау»;
  • Қажет құжатты таңдаңыз;
  • Құжатқа «Қол жеткізуді ашу» түймесін басу;
  • «Казпошта» АҚ операторына алты таңбалы қысқа кодты хабарлау қажет.

Операторлар өздерінің деректер базасына бірегей қысқа кодты және жүйе клиенттің жеке басын куәландыратын құжатты автоматты түрде жүктейді.

Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардан түскен алаяқтықтың алдын алады.

«Цифрлық құжаттар» сервисі азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие, бүгінгі таңда пайдаланушылар саны 6,4  млн адамды құрайды. Бұл сан күн сайын өсіп келеді және біз бұл қызметті өмірдің барлық салаларына енгізуге тырысамыз. Енді «Қазпошта» клиенттерінің де осы ыңғайлы сервисті пайдалану мүмкіндігі бар. Біз цифрлық трансформация азаматтар үшін де, бизнес үшін де көптеген бизнес-процестерді жақсартып, жеңілдеткеніне қуаныштымыз», – деді «Ұлттық ақпараттық технологялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.

Цифрлық құжаттарды пайдалану Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Қазпошта» АҚ ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың арқасында мүмкін болды.

«Сервис арқасында «Қазпошта» клиенттерінің бөлімшелерінде жеке деректерді растау үшін eGov mobile қосымшасы арқылы жеке басын куәландыратын цифрлық құжатты көрсету мүмкіндігі пайда болады. Бұл біздің клиенттерімізге сәлемдемелерді қабылдауды және беруді айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені көбінесе барлық клиенттер бөлімшеге жеке куәліктің түпнұсқасымен келмейді, ал смартфон әрқашан «қол астында» болады. Сонымен қатар, цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігін енгізумен «Қазпоштаға» жеке куәліктердің көшірмелерін алудың және сақтаудың қажеті жоқ, бұл қағаз матердарының шығынын айтарлықтай оңтайландырады», – деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев.

Атап өткен жөн, қазіргі уақытта eGov mobile мобильдік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан тұрады, олардың ішіндегі ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: