Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Корпоративтік даму және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов Ақтөбедегі Пойыздар қозғалысын басқару орталығында болды, деп хабарлайды SKnews.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пойыздар қозғалысын басқару орталығы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ цифрлық трансформациясы аясындағы басты жобаларының бірі. Ол оптикалық-талшықты байланыс желісі арқылы теміржол станцияларының құрылғыларын ұзақ қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін, магистральдық желі учаскелерін микропроцессорлардағы диспетчерлендірудің қазіргі заманғы жүйесімен жабуды қарастырып, теміржол байланысы орталық пункттерінің аналогты көлемді жабдығын қазіргі заманғы цифрлық жабдыққа ауыстыруға мүмкіндік береді.
Жоба аясында Ақтөбеде аймақтық пилоттық полигон құрылып, өткен жылдың қыркүйегінде іске қосылды. Ол батыс өңірінің бес: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал және Қызылорда бөлімшелерінің диспетчерлік орталықтарын біріктірді.

Бүгінгі күні Орталықтың мамандары Батыс өңірі бойынша Пойыздар қозғалысын жедел орталықтандырылған басқаруды табысты қамтамасыз етеді.
Серік Әбденов полигонды, пойыз диспетчерлерінің жұмыс орындарын аралап көрді, сондай-ақ Ақтөбеге Орал, Атырау, Маңғыстау және Қызылордадан қоныс аударған қызметкерлердің тұрмыстық жағдайларымен танысты.
Диспетчерлік топтардың орын ауыстыруы кезең-кезеңімен өтті. Ақтөбе қаласына көшуге келіскен қызметкерлер оларға көшу кезінде тұрғын үйді жалға алуға, жолжүкті алып жүруге және жаңа жұмыс орнына бару кезінде төлем алуға құқық беретін «шақырылған қызметкер» мәртебесін алды. Егер ауыстыру кезінде қызметкер жалақысы төмендесе, онда оған бұрынғы лауазымы бойынша 1 жыл ішіндегі орташа жалақысы сақталды. Бұдан басқа, Ақтөбе қаласына көшірілген қызметкерлерді тіркеу, олардың балаларын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге орналастыру және тағы басқа бойынша ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілді.
Ақтөбеге жұмыс сапары аясында Серік Әбденов сондай-ақ өңірдегі теміржол кәсіпорындарын аралап, белгі беру және байланыс дистанциясы, жол дистанциясы және электрмен жабдықтау дистанциясы ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Ол қызметкерлерге көрсетілетін қызметтердің экономикалық тиімділігін арттыруға, бизнес-процестерді жетілдіруге, компания қызметін цифрландыру мен автоматтандыруға бағытталған «Цифрлық трансформация» бағдарламасының негізгі тұстарын түсіндіріп, жобалар туралы айтып берді.
«Жобаларды іске асыру шығындарды оңтайландыруға, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, компанияның құны мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға, бұл өз кезегінде қызметкерлердің еңбекақысын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Серік Әбденов.
Трансформациялау бағдарламасының жобаларын іске асыру нәтижесінде 2021 мен 2025 жылдары кемінде 100 млрд теңге мөлшерінде таза пайда алу күтілуде.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете