Главная Новости «Цифрлық трансформация»: пойыздар қозғалысы бақылауда
22 ақпан 2021, 08:26 1363

«Цифрлық трансформация»: пойыздар қозғалысы бақылауда

«Цифрлық трансформация»: пойыздар қозғалысы бақылауда

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесов бастаған делегация Батыс полигонындағы пайдалану жұмысын қамтамасыз ететін пойыздар қозғалысын басқару орталығында, сондай-ақ Ақтөбе теміржол торабының құрылымдық бөлімшелерінде болды, деп хабарлайды SKnews.kz «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегация құрамына тасымалдарды жоспарлау жөніндегі атқарушы директор Нұржан Келбұғанов, Пойыздар қозғалысы кестелері мен қалыптастыру жоспарларын әзірлеу департаментінің бас менеджері Мұрат Әбжанов және Пойыздар қозғалысын басқару департаментінің бас менеджері Азамат Тайжанов кірді.

Пойыздар қозғалысын басқару орталығы өткен жылдың қазанынан жұмыс істеуде. Ол бес: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал және Қызылорда жол бөлімшесінің диспетчерлік орталықтарын біріктірді. Бұл жоба тасымалдау процесін екі деңгейлі басқаруға көшу процесіндегі қадам болды. Орталық жалпы ауданы 4 200 м2 асатын 4 қабатты әкімшілік ғимаратта орналасқан.

Орталық ұжымымен кездесу барысында Қанат Көбесов «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы бекіткен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ТОП-30 жобасына тоқталды. Олар жүк тасымалын дамытудың бес стратегиялық секторын: клиентке бағдарлану, бәсекеге қабілеттілік, жүйелеу, цифрландыру, кірістілікті іске асыруға бағытталған.

Клиентке бағдарлану шеңберінде жүк жөнелтушілерге қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын енгізу, жүктердің сақталуын және уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету жоспарлануда. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүк тасымалы нарығында бәсекелестік артықшылықтарды әзірлеп шығарады, корпоративтік регламенттерді әзірлейді. Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелеріне көп көңіл бөлінсе, бұл қызмет тиімділігіне әсер етуі тиіс. Бұның барлығы кірістілікті арттыру және бюджеттік көрсеткіштерді жақсарту үшін жасалады.

«Жүк тасымалдарының басты міндеттері – пойыздар қозғалысы кестесін сақтай отырып жеткізу мерзімдері мен мәлімделген жүк көлемін әкетуді қамтамасыз ету, клиенттер үшін көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру», – деді Қанат Көбесов.

«Цифрлық трансформация» шеңберінде осы орталықты құру бүкіл батыс өңіріндегі пойыздар қозғалысын бақылауды қамтамасыз етуге, станциялардың өткізу қабілетін ұлғайтуға, пайдалану шығыстарын оңтайландыруға, теміржол тасымалдары қауіпсіздігін, транзиттік пойыздардың маршруттық жылдамдығын, сондай-ақ локомотивтер мен вагондарға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Орталықта тасымалдауды басқаруға әсер ететін барлық қызметтер біріктірілген. Қазіргі уақытта мұнда 250 маман жұмыс істейді. Олардың ішінде 120 пойыз диспетчері, сондай-ақ Батыс өңірлік локомотив және вагон шаруашылығы мен инфрақұрылым диспетчерлері бар. Орталық басшылығы атап өткендей, таяу уақыттағы басты мәселелердің бірі - білікті кадрларды сақтау және қызметкерлерді ынталандыру жүйесін дамыту. Ол үшін әкімдіктермен бірлесіп Қызылорда, Атырау, Маңғыстау және Орал бөлімшелерінен мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне келген орталық қызметкерлерінің балаларын орналастыру мәселесі шешілді.

Өңірлік станциялардағы пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстары онлайн режимде бақыланады. Мұның бәрі заманауи технологияларды қолдану арқылы мүмкін болды.

Пойыздар қозғалысы мен инфрақұрылымды басқару және бақылау микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру, орталықта және бүкіл өңір бойынша желілік пункттерде орнатылған жедел - технологиялық байланыс және радиобайланыс арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта «ұжымдық табло» құрылысы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 

Аралау қорытындысы бойынша пойыз диспетчерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын одан әрі жетілдіру үшін жұмыс комиссиясы құрылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: