Главная Новости Дәнекерлеуші Дарынның спортта да жетістігі мол
28 сәуір 2021, 08:48 823

Дәнекерлеуші Дарынның спортта да жетістігі мол

Дәнекерлеуші Дарынның спортта да жетістігі мол

Қарағанды политехника институтын бітіре сала Қарағанды ӨТД-ға дәнекерлеуші болып жұмысқа тұрып, 7 жылдан бері «Қазақтелекомда» абыроймен еңбек етіп келе жатқан Дарын Құрал әмбебап спортшы.

Ол қондырғыларды пайдалану, жөндеу, күтіп ұстау, жаңғырту секілді күнделікті жұмысынан тыс, Дарын спортпен тұрақты түрде айналысады. Күрес, қойын-қолтық ұрыс, жауынгерлік самбо, джиу-джитсу, кроссфит секілді спорт түрлерінен көптеген мәрте жүлдегер атанған.

«Кроссфитпен айналысып жатқаныма бір жыл болды. Бұл негізі спорттың жаңа түрі, 2000 жылдары Америкада пайда болған. Қазақстанға келгелі де көп болған жоқ, сондықтан жұрт бұл спорт жайлы біле бермейді. Мен кроссфитті дамытып, елге танымал спорт түрлерінің бірі етуге атсалысқым келеді», — дейді Дарын.

Көбірек адам тарту үшін Дарын жуырда Daryn Qural YouTube-арнасын жүргізе бастады. Кроссфит үйрететін, мотивация беретін видеоларын сонда жүктеп жүр.

Соңғы кездегі басты жетістігі ретінде Дарын «Көк Ту» патриоттық байқауындағы жеңісін айтады. Бүкіл Қазақстаннан жиналған 30-дан астам қатысушының арасында бірінші орынға ие болды.

(Материал "Қазақтелеком" АҚ facebook парақшасынан алынды)

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: