Главная Новости Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі Қазақстан мен Өзбекстан арасын жақындатады
05 қаңтар 2025, 10:31 1635

Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі Қазақстан мен Өзбекстан арасын жақындатады

Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі Қазақстан мен Өзбекстан арасын жақындатады

Жаңа теміржол желісінің құрылысы жүк тасымалын қазіргі Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жаңа желіге ауыстыруға, «Сарыағаш» станциясының жүктемесін азайтуға және Өзбекстанға экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Бұл мақсатта «Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниясы – «Қазақстан темір жолы» 286 миллиард теңгеге инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Дарбаза-Мақтаарал жаңа желісі Түркістан облысының екі шалғай ауданы – Мақтаарал және Жетісай аудандарын Қазақстанның басқа аймақтарымен байланыстырады.

Бүгінгі таңда 203 шақырым жолдың шамамен 100 шақырымына рельс-шпалды тор төселді; 9,5 млн текше метр жер қазу жұмыстарының 1,4 млн текше метрі (немесе 15%) орындалды. Жобаға 46 жол-құрылыс техникасы мен 70-тен астам адам жұмылдырылды.

Теміржол құрылысына жергілікті өндірушілердің материалдарын қолдану жоспарланған. Құрылыс кезеңінде 3400 уақытша жұмыс орны, ал 2027 жылы қолданысқа берілетін кезде 500-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: