Главная Новости Дегелеңнен Жаңа-Семейге дейінгі барлық станциялар тексерістен өтті
26 сентября 2024, 13:30 576

Дегелеңнен Жаңа-Семейге дейінгі барлық станциялар тексерістен өтті

Дегелеңнен Жаңа-Семейге дейінгі барлық станциялар тексерістен өтті

Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы күзгі комиссиялық тексеру жұмыстары 18 қыркүйектен басталды. Биылғы байқау тораптық Семей және Жаңа-Семей станцияларынан бастау алып отыр.  

Қазіргі күндері ел шығысындағы барлық теміржол құрылымдары алдағы қысқа даярлық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Осыған дөп келген күзгі сын барысында жазғы жөндеу іс-шараларының аяқталуы мен қатал маусымға қам жасау баса назарға алынуда. Бұл ретте бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов пен Қауіпсіздік департаментінің Семей учаскесі бойынша аймақтық бас ревизоры Темірбек Акчалов желі бойындағы барлық шаруашылықтарға жіті тексеру жүргізуде. Сол тәрізді Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов бастаған бөлім басшылары да тыңғылықты жұмыс жасауда.  

Алғашқы іс-шараларды Семей станциясынан бастаған комиссиялық топ ондағы қауіпсіздік, еңбек қатынастары мен өндірістегі тәртіп бойынша бірқатар сын-ескертпелер жасады. ТЧЭ-24, ВЧД-23 сынды бірқатар мекемелердегі орын алған олқылықтарды жоюға уақыт берілді.

Станцияның сұрыптау дөңесіндегі өндірістік процесс барысын арнайы тексерген Алмас Ғылымұлы вагондарды жинау, жүк пойыздарын құрастыру бойынша қозғалысшылармен кеңесіп, пікір-ұсыныстарын тыңдады. Шара барысында теміржолшылардың қызметтік киімдермен жабдықталуы, еңбек қауіпсіздігі, жұмыс орнының жайлылығы да назарға алынды.

Ал қыркүйектің 20-сы күні Дегелең – Жаңа-Семей телімінің бойындағы барлық станциялар тегіс сүзгіден өткізілді. Жаз бойғы жауынды ауа райына қарамастан бұл өңірдегі теміржолшылар елеулі жұмыс жасаған. Ескірген шпалдар мен бағыттамалы бұрмаларды ауыстыруда елеулі жұмыс атқарылған. Мәселен, желі бойындағы Талды станциясынан тексерушілер бірде-бір мін таппады.

Белгіленген кестеге сай қыркүйектің 23-нен бастап Ақтоғай мен Аягөз телімі толық көлемде тексерілді. Бұл өңірдегі ПЧ-42 мен ШЧ-30 мекемелері, ТЧЭ-25 қысқа даярлық жұмыстарының соңғы сатысында тұр. Аягөздік теміржолшылар қазіргі таңда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы сенбілік жұмыстарына да жұмыла кіріскен. Нәтижесінде желінің қос қапталы көз тартарлықтай болған.   Аягөз-Жарма телімі де жаңғырып қалыпты. Бұл аймақ бойынша да ілкімді жұмыстар бар. Мәселен, Жарма станциясындағы станция қызметкерлерінің артық шығынсыз өз күшімен салып жатқан қосыны өзге әріптестеріне үлгі боларлықтай.  

Комиссия өкілдері мінген дрезина қыркүйектің 26 күні Шар станциясына келіп жетті. Қазіргі таңда Шар – Суықбұлақ – Жаңа-Семей телімдері сүзгіден өтуде.  

Осы айдың соңына дейін  үзгі тексеру жұмыстары Семей – Локоть теліміне дейін жүргізіліп, Локоть станциясы арқылы Өскемен өңіріне қарасты Шемонайха станциясын бетке алатын болады. Жалпы, күзгі комиссиялық тексеру жұмыстары аймақта қазанның 4-і күні толық тәмамдалмақ. Ал анықталған кемшіліктер алдағы уақытта өткізілетін тораптық жиын барысында талқыға түсетін болады.    

Қуаныш Қожаев

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: