Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
QazVac вакцинасының 50 мың дозасы аймақтарға таратылды, деп хабарлайды SKnews.kz Информбюро порталына сілтеме жасап.
26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасын егу басталады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып отандық вакцинаны салдырды.
Министр Нұр-Сұлтандағы №9 емханада вакцина алды. Екпе алғаннан кейін инъекция орнына су тигізуге, ішімдік ішуге болмайтынын, сондай-ақ үш күн бойы тұмаумен ауырғандай сезінуі мүмкін айтты.
Қазірдің өзінде QazVac вакцинасының 50 мың дозасы аймақтарға таратылды. Мамыр айында тағы 50 000 доза өніріледі. Болашақта өндіріс біртіндеп айына 500-600 мың дозаға дейін артады.
"Бірінші партия биологиялық қауіпсіздік проблемалары институтында шектеулі сериямен өндірілді. Өндірісті арттыру үшін әртүрлі алаңдарды қарастырдық, соның ішінде түрік серіктестеріміз де бар. Сондай-ақ, Жамбыл облысында зауыт салып жатырмыз", – деді Алексей Цой вакцина алғаннан кейін.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, бүгінде әр жиырмасыншы қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алған.
Қазақстан – коронавирусқа қарсы өз вакцинасын тіркеген бесінші мемлекет. Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енді. Оны әзірлеушілер екпенің толығымен қауіпсіз екенін мәлімдеді. QazVac иммуногенді болғанымен, қазақстандық вакцинаның профилактикалық тиімділігі әлі анықталмады.
QazVac вакцинасының ерекшелігі – оны жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларды қажет етпейді және +2-8 градус температурада тасымалданады. QazVac вакцинасымен вакциналау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі. Сондықтан вакцинаның 50 мың дозасы 25 мың адамды вакциналауға есептелген. Вакциналау алдында медицина қызметкері міндетті түрде медициналық тексеруден өткізеді. Анамнез тексеріледі, дене температурасы, қысым өлшенеді. Вакцина алған адам 30 минут медицина қызметкерлерінің бақылауында болуы керек.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!