Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
DB интермодальды тасымалдарды іске асыруға, ХАБ жүйелерін дамытуға, маркетинг, қызмет көрсету және сатудағы ең жақсы әлемдік тәжірибелерді енгізуге, қызмет көрсету сапасын және ел тұрғындары үшін ыңғайлылықты арттыру мақсатында қозғалыстағы құрамды жаңарту мәселесінде кеңес береді. Бұл туралы DB Engineering & Consulting компаниясының операциялық бас директоры Франтишек Буреш ҚТЖ кеңсесінде өткен брифингте айтты.
DB Engineering & Consulting GmbH және ҚТЖ арасында жолаушылар тасымалы және транспорт-логистика саласында серіктестікті дамыту туралы келісімге 2023 жылдың 20 маусымында Берлин қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары кезінде қол қойылды.
Серіктестік шеңберінде DB мамандары Ұлттық тасымалдаушының бизнес-процестерін жетілдіру және стратегиялық мақсаттарға жету бойынша кеңес беру қызметтерін және компанияның мамандарына сараптамалық қолдау көрсетеді.
«Біздің компания клиенттерге көрсетілетін сервистік қызмет сапасын жақсартып, ыңғайлы ете түседі. Оның ішінде сауда жүйесін тиімді етеді. Қазір онлайн сатылым жоғары қарқынмен дамып жатыр, сондықтан біз оған да ден қоюдамыз. Бір сөзбен айтқанда неміс теміржолында іске асырылып жатқан қызмет көрсетудің жоғары сапасын осында енгізетін боламыз», - деді Франтишек Буреш.
DB Engineering & Consulting GmbH — әлемдегі жетекші бес логистикалық компания қатарына кіретін, үлкен теміржол концерні және Deutsche Bahn AG-ның еншілес кәсіпорны. Компания жыл сайын Германияда және бүкіл Еуропа бойынша 190 млн тоннадан астам жүк пен шамамен 2,4 млрд жолаушыны тасымалдайды. 1966 жылдан бастап DB компаниясы 100-ден астам елде өз жобаларын сәтті жүзеге асырады. Әлем бойынша компания құрамында шамамен 340 мың қызметкер жұмыс істейді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
242
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи