Главная Новости Digital Bridge – IT индустриясын талқылау алаңы
12 қазан 2023, 16:40 1086

Digital Bridge – IT индустриясын талқылау алаңы

Digital Bridge – IT индустриясын талқылау алаңы

Астанада дәстүрлі Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумы басталды. Соңғы бес жылда IT индустриясының соңғы үрдістері мен даму перспективаларын талқылайтын Орталық Азиядағы ең ірі алаңға айналған форумға 20 мыңнан астам адам жиналды. Оның ішінде 300-ден астам IT компаниясының өкілдері және 30 елден келген делегация бар.  

Қазақстанның Еуразия кеңістігінде жетекші әрі маңызды цифрлық және қаржылық технология хабы екенін паш еткен форумға қызығушылық жоғары болды. Маңызды іс-шараның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі. 

Президент жасанды интеллект адамзаттың тұрмыс салтын мүлдем басқа арнаға бұрып, жұмыс процестерін автоматтандыратынын және ауқымды экономикалық құндылық қалыптастыра алатынын айтты. Мемлекет басшысы Қазақстанда білім мен жаңа технологияны негізге алатын экономика құрыла бастағанын айта келе, Әділетті Қазақстанда әр азаматтың жан-жақты дамуына мүмкіндік болатынын жеткізді. Сондай-ақ цифрлық номадтардың, яғни мықты ІТ-мамандардың Қазақстанға келіп, жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасалатыны сөз болып, инновациялық кәсіпкерлік және креативті индустрия дамытылып, жалпы, жаһандық технологиялық революция барлық елдің өркендеуіне, адамдардың дамыған және әділетті әлемде өмір сүруіне септігін тигізуі керек деген ой айтылды.

Форумға «ҚТЖ» ҰК» АҚ  өкілдері де қатысуда.  Бүгін «AI және логистика» панельдік сессиясы ұйымдастырылып,  оған ҚТЖ және PSA бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары Ержан Наурызбаев модераторлық етуде. Сессия отырысында ҚТЖ арқылы көлік-логистиканы дамыту саласында цифрлық ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері сөз болады деп күтілуде.  Толық ақпаратты газетіміздің келесі санында беретін боламыз.  

Райхан Рахметова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: