Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Dunga Operating GmbH» компаниясы («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға жобадағы үлестің 60% тиесілі) тарихи өндірістік көрсеткішке қол жеткізді — Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан Доңға кен орнында осы күнге дейін жинақталған мұнай өндіру көлемі 9 млн тоннаға жетті.
Биылғы І жартыжылдықта кен орнында мұнай өндіру көлемі 340 мың тоннаны құрап, жоспардан 7 мың тоннаға артық болды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 630 мың тонна мұнай өндірілді, осы жылға арналған жоспар — 649,3 мың тонна.
Доңға кен орнында 9 млн мұнай өндірудің межесіне жету және жалпы өндірістің артуына негізінен қабат қысымын сақтап тұру жүйесінің қалпына келуі ықпал етті. Сонымен қатар бүгінгі жетістік — бұл жоба ұжымының үйлесімді жұмысының және жоғары кәсіби біліктілігінің нәтижесі.
ҚМГ басшылығы еншілес өндіруші кәсіпорындарда өндірістің тұрақтылығы мен өсімді қамтамасыз ету үшін барлық операциялық тиімділікті арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға ерекше көңіл бөледі және оны үнемі бақылауда ұстайды.