Главная Новости Доссормұнайгазға қарасты Ботақан кен орнына 45 жыл
09 сентября 2026, 15:10 30

Доссормұнайгазға қарасты Ботақан кен орнына 45 жыл

Доссормұнайгазға қарасты Ботақан кен орнына 45 жыл

«Доссормұнайгаз» МГӨБ-на қарасты Ботақан кен орны өзінің 45 жылдық мерейтойын атап өтті.

Бұл айтулы дата – жылдар бойғы тынымсыз еңбектің, өндірістегі жетістіктердің және саналы ғұмырын мұнай саласына арнаған адамдардың тағдыр-тарихының айғағы. Cалтанатты шараға кен орнының қызметкерлері, ардагерлер және басқарманың өзге кен алаңдарының өкілдері қатысты.

Ардагерлер еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, Ботақанға жас маман болып келген кездерін, осында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтағанын және өздерінің білімдері мен тәжірибесін жас мамандарға үйреткенін атап өтті. Ұжымды мерейтоймен құттықтаған ЕМГ Әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық Қалидуллин мерейтойлық шараның маңыздылығын атап өтіп, өндірістің дамуына еңбеккерлердің қосқан үлесіне тоқталды. Сонымен қатар, кәсіби дәстүрлерді сақтау мен тәжірибе сабақтастығының маңызын ерекше атап өтті.

«Доссормұнайгаз» МГӨБ бастығы Бағдат Ниязғалиев ұжымды 45 жылдық мерейтойымен құттықтап, қызметкерлерге адал еңбегі, кәсібилігі және ортақ өндірістік нәтижелерге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Мерекелік жылы лебізді басқарма бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Талғат Сапарбеков жалғады.

«Доссормұнайгаз» МГӨБ қызметкерлерінің бір тобы, оның ішінде Ботақан кен орнының жұмысшылары да «Ембамұнайгаз» АҚ және «Доссормұнайгаз» МГӨБ-нің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік бағдарламаны ұлттық спорт түрлерінен жарыстар толықтырды. Мұнайшылар асық ату, арқан тарту және гір көтеруден сайысқа түсіп, күш-жігерін, ептілігін және командалық рухын көрсетті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: