Главная Новости Достық – Мойынты желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
22 сәуір 2024, 14:23 326

Достық – Мойынты желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Достық – Мойынты желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілген Достық – Мойынты телімінде салынып жатқан екінші жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Келешекте Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымал көлемін, учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге дейін ұлғайтып, тасымалдау жылдамдығын тәулігіне 1 500 шақырымға дейін арттырады деп күтілуде.  

Қазір бұл телімде қандай шаруалар атқарылып жатқанын құрылыстың басы-қасында жүрген Ірі жобаларды іске асыру дирекциясының өкілі Асылбек Айтқазинов баяндап берді. Оның айтуынша, Мойынты станциясынан 19-разъезге дейінгі жалпы ұзындығы 836 шақырымды құрайтын барлық учаскелерде жол төсемінің құрылысы бойынша жұмыстар басталған. Бүгінгі таңда 12 аралықта жерді топырақпен толтыру жұмыстары толықтай аяқталса, тағы 19 аралықта осы шаруалар атқарылуда екен. Құрылыс кезеңінде 6 миллион текше метрден астам қарапайым және құрғатқыш топырақ төселіпті. Жол салу жұмыстарына 24 құрылыс компаниясы мен 440-тан астам техника жұмылдырылған.

Рельс-шпал торкөздерін құрастыру бағытында да жұмыс қарқын алған. Жарық, Үштөбе, Орта-Дересін, Ақтоғай, Ащыөзек, Жақсыбұлақ станцияларында орналасқан 6 өндірістік базада іске асырылуда екен. Бүгінгі таңда 613 шақырымнан асатын рельс-шпал торкөздері құрастырылған. Жолдың үстіңгі құрылымын төсеу 20 аралықта жүргізілуде. Бүгінде 380 шақырымнан астам жол төселіп, 16 жекелеген пунктте 40 бағыттағыш бұрма салынған. Сонымен қатар Мойынты – Балқаш-1, Балқаш-2 – Орта-Дересін және Саяқ – Разъзд-19 учаскелерінде төселген 200 мың текше метр шамасындағы қиыршық тас балласталған. Ал 61 көпір мен 202 су өткізгіш құбырда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде екен. Оның ішінде 21 көпір мен 151 су өткізгіш құбырдың құрылысы аяқталуға жақын. Осы ретте жасанды құрылыстарды салуға 27 мердігер мекеме жұмылдырылған.

– Сондай-ақ теміржол желісінің бүкіл ұзындығы бойынша энергетикалық нысандарды қайта құрылымдау және қайтадан орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 7942 желілік тірек орнатылып, 201 шақырым электр сымдары тартылған.  Энергетика шаруашылығына қатысты нысандардағы жұмыстарды «Проект ЭнС» ЖШС, «АСПМК-519» ЖШС, «Арнай Құрылыс» ЖШС қосалқы мердігерлер атқаруда.  Ал 25 аралықта және 15 жекелеген пунктте СОБ және байланыс жабдықтарын алып және қайта құру жұмыстары жүргізілген. Барлығы 251 СОБ және байланыс жабдықтарын қайта орнату жұмыстары аяқталды. Бұл бағыттағы шаруаларды «СК Aрсенал KЗ» ЖШС, «Теміржол жөндеу» ЖШС және «Digital Future» ЖШС сияқты мамандандырылған мердігер ұйымдар атқаруда, – дейді  дирекция өкілі.    

Сұлугүл Бакесова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: