Главная Новости Достық – Мойынты құрылысына 520-дан астам техника мен 1000-ға жуық адам тартылды
19 қазан 2023, 14:00 1329

Достық – Мойынты құрылысына 520-дан астам техника мен 1000-ға жуық адам тартылды

Достық – Мойынты құрылысына 520-дан астам техника мен 1000-ға жуық адам тартылды

ҚТЖ басшылығы Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың салыну барысын тексерді. Жұмыс сапары кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы орындау бойынша міндеттер белгіленді. Ұзындығы 836 км екінші жолдарды салу мерзімі мен сапасының сақталуына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.

Бүгінгі таңда учаскенің 70% – белсенді құрылыс кезеңінде. Аралықтарда бір мезгілде жер төсемі төгіліп, көпірлер салынуда, су өткізетін құбырлар қойылып, жоғары вольтты желілерге арналған тіректер орнатылуда. 255 км рельсті шпал торы жиналды, олар жер төсемі дайын болған кезде екінші жолға қойылады.

Қазіргі уақытта арнайы техника көмегімен Бүйрек, Көкдомбақ, Ақжайдақ, Ащыөзек, Жайпақ, Ақши және тағы басқа станцияларда екінші жолдың 85 км және 18 бағыттамалық бұрмаларды төсеу аяқталды.

Нысанда 1000 жуық жұмысшы жұмыс істейді және 520 астам түрлі техника жұмылдырылған.

Құрылысты 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Қосымша жолдарды ашу есебінен Достық – Мойынты учаскесінің өткізу қабілеті бес есеге артады. Бұл отандық өнімнің үздіксіз экспортын және Қытай – Еуропа – Қытай жүктерінің транзитін қамтамасыз етеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: