Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Достық-Мойынты теміржол телімінің жалпы ұзындығы - 836 км. Бүгінгі таңда екінші жол телімнің жартысынан көбі, яғни 421 км-і салынып бітті.
Дайын болған темір жолмен тағы да жаңа жолдарды одан әрі салу үшін топыраққа рельс шпал торшасын салатын жол төсеуші техникалар жүріп тұр.
Екінші жолдың астына 6,6 млн текше метрге жуық жер төсемі төгілді. Жасанды имараттар да салынуда. Қазіргі таңда 67 көпір мен 225 су өткізгіш құбырлар салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба шеңберінде барлығы 92 көпір тұрғызылып, 263 құбыр орнатылады. Автоматика және байланыс құралдарын қайта орнату жұмыстары да атқарылуда. Жоғары вольтты желілер үшін тірек бағаналар орнатылуда.
«Бұл ірі жобаны жүзеге асыру қомақты қаражатты қажет етеді. Барлық құрылыс материалдары отандық өндірістен алынып жатқанын атап өту керек. Құрылыс процесіне қажет қиыршық тастармен қамтамасыз етіп отырған карьерлер қарқынды жұмыс істеуде. Карьерлерден жолға балласт ретінде төсеу үшін тәулігіне 4-4,5 мың текше метр қиыршық тас тиеліп, әкелуде», - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директор Марат Искалиев.
Нысан басында механизаторлар, көпір салушылар, байланысшылар, жолшыларды қосқанда барлығы 1 мыңнан астам жұмыс істеуде. Құрылысқа 450-ден аса түрлі арнайы техника тартылған.
Телімдегі жұмыстарды 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Жоба еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және үздіксіз экспортты қамтамасыз етуде зор мәнге ие. Екінші жолдар құрылысы іске қосылғаннан кейін Достық-Мойынты телімінің өткізгіштік қабілеті 5 есе өседі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
241
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи