Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2021 жылғы 1 қазанда Дубай қаласында EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесі ашылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан павильоны ең танымал және келушілер саны ең көп павильондардың біріне айналды – оны 200 мыңнан астам адам тамашалады. EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесі ашылғаннан бері барлығы 2 350 000 адам келіп кетті.
Қазақстан павильонының мәртебелі қонақтары арасында Қазақстаннан да, бүкіл әлемнен де ресми делегациялар көп. Қазан айында павильонға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Димитрий Керкентзес, БАӘ Жоғары лауазымды министрлері, сондай-ақ көрмеге қатысушы елдердің елшілері мен Бас комиссарлары келді.

Өткен айда павильонда мазмұнды іскерлік және мәдени бағдарламалар ұсынылды. 3 қазанда EXPO-ның климат және биоалуандық бойынша тақырыптық апталығы аясында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар» КЕАҚ ұйымдастырған Kazakhstan Green Day іскерлік іс-шаралар сериясы өтті. «Қазстандарт» РМК Араб серіктестерімен бірқатар іскерлік кездесулер өткізді. 11-14 қазан аралығында шетелдік және қазақстандық суретшілер бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыттарды ұсынған Sal-Seri галереясының «Өркендеу сызықтары» көрмесінің вернисажы өтті.
Сонымен қатар 24-28 қазанда павильонда Қазақстанның туризм күндері өтті, оның аясында панельдік сессиялар, іскерлік кездесулер, мәдени іс-шаралар, атап айтқанда «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өнер көрсетуі және MarinoMadi брендінің фэшн көрсетілімі өтті. 1 қарашада БАӘ іскер қауымы Nur-Sultan Investment and Tourism Forum форумына жиналды.
Qazaq Gourmet мейрамханасы таңдаулы әрі таңсық ұлттық тағамдар мәзірімен таң қалдырады.
Павильон контенті көрменің «Ақыл-ойды біріктіре отырып, болашақты құру» тақырыбын толық ашады және келушілер табиғатпен, тарихпен, мәдениетпен, дәстүрлермен, сондай-ақ ел дамуының перспективалық жобаларымен танысатын саяхат іспеттес. Павильонның мазмұны Республиканың туристік және инвестициялық әлеуетін паш етеді.

Финалдық шоу - келушілер арасында ерекше күтілетін шара. Роботталған қолмен жасалатын акробатикалық перфоманс адам мен жасанды интеллекттің өзара әрекеттесуін және өзара теңгерімді іздеу белгісін білдіреді.
Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесіне қатысуының негізгі мақсаттарының бірі ел экономикасына тікелей және жанама инвестициялар тарту еткен. Ол үшін Қазақстан Ұлттық павильонының алаңында 30-ға жуық іскерлік іс-шара жоспарланған, оның шеңберінде конференциялар, форумдар, В2В кездесулер өтеді, сондай-ақ елдің инвестициялық және туристік әлеуеті жөніндегі жобалар, ғылыми және білім беру бастамалары таныстырылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
56
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы