Главная Новости Dunga Operating GmbH Маңғыстаудың денсаулық сақтау мекемелерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз етті
21 қаңтар 2025, 14:30 72

Dunga Operating GmbH Маңғыстаудың денсаулық сақтау мекемелерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз етті

Dunga Operating GmbH Маңғыстаудың денсаулық сақтау мекемелерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз етті

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына 15 су жаңа медициналық техника, соның ішінде жаңа туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды жолмен желдету, Shelly инкубаторлары және TrueCool сұйықтық айналымы бар гипотермия аппараттары жеткізілді. Бұл жабдықтар нәрестелерге дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсетуде аса маңызды.  

Неонатолог дәрігер Умид Рашидов гипотермия аппараты ауыр асфиксия жағдайында туған сәбилердің өмірін сақтап, ми зақымдану қаупін азайтуға көмектесетінін атап өтті.
 
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына рентген-хирургиялық құрал-жабдық берілді. Бұл жабдықтың көмегімен төрт ай ішінде 60-қа жуық балаға ота жасалып, өңірде балалар хирургиясының деңгейі жақсара түсті.  

Dunga Operating GmbH өзінің әлеуметтік міндеттері аясында балалар денсаулығын қорғау мен халыққа ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ерекше назар аудара отырып, өңірдегі медициналық мекемелерге қолдау көрсетуді жалғастырады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: