Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» АҚ-да Мұнайшылар күніне арналған мерекелік іс-шаралар легі ерекше музыкалық жобамен бастау алды.
Компанияның «Мұнайшы қыз» клубының ұйымдастыруымен өткен «Екі жұлдыз» ән байқауында өндірістің түрлі саласында еңбек етіп жүрген ембіліктер мен кәсіби әншілер бір сахнада бас қосып, көрерменге әсерлі өнер кешін сыйлады.
Ерекше жоба өндірістегі қызметімен қатар өнерді серік еткен талантты қызметкерлерді танытуға, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға бағытталды. Байқау барысында қатысушылар кәсіби орындаушылармен тандем құрып, көпшілікке өздерінің вокалдық қабілеті мен сахна мәдениетін паш етті.
Кеште жаңа есімдер танылып, табиғи талант пен шығармашылық үйлесім жарасымды көрініс тапты. Әсем ән мен шынайы эмоцияға толы орындаулар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Мерекелік кештің ерекше атмосферасы, әріптестердің қолдауы мен көтеріңкі көңіл күйі «Екі жұлдыз» жобасының басты ерекшелігіне айналды. Өндіріс пен өнерді тоғыстырған бұл байқау Мұнайшылар күніне арналған мерекелік бағдарламаның шымылдығын түріп, ембіліктердің шығармашылық әлеуетін тағы бір қырынан танытты.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
218
19 августа 11:08
Решение для цифровизации сел Казахстана, где нет возможности провести «оптоволокно»