Главная Новости Екібастұз 1-МАЭС электр энергиясының рекордтық мөлшерін өндірді
11 февраля 2026, 19:24 56

Екібастұз 1-МАЭС электр энергиясының рекордтық мөлшерін өндірді

Екібастұз 1-МАЭС электр энергиясының рекордтық мөлшерін өндірді

2025 жылдың қорытындысы бойынша Екібастұз 1-МАЭС электр энергиясын өндіруден тарихи ең жоғары көрсеткішке - 24,5 млрд кВт·сағатқа жетті, бұл елдегі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 20%-ын құрайды. ️

Рекордтық көрсеткіш №1 энергетикалық блогтың қалпына келтіру жобасын табысты іске асырудың нәтижесінде мүмкін болды. Соңғы 30 жылда алғаш рет станция толық белгіленген қуатттылықта (4040 МВт) сегіз блокты режимде жұмыс істеуде.

Технологиялық үдерістерді басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған және жетілдірілген техникалық сипаттамалары бар қуаттылығы 540 МВт №1 энергетикалық блогын іске қосу, тұрғындар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, жобаны іске асыру бірқатар оң нәтижелерге:

  • 50-ден астам жаңа өндірістік жұмыс орындарын құруға;
  • елдің электр энергияға деген ішкі қажеттілігін қанағаттандыруға;
  • өнеркәсіптік өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Екібастұз 1-МАЭС Қазақстан энергетикасының флагманы және әлемдегі ең ірі көмір электр станцияларының бірі болып табылады.

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: