Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Екібастұз МАЭС-1 аға буын өкілдерін Еңбек күні жинады. Шарада еңбек ардагерлері мен жас мамандардың кездесуі өтіп, кезіндегі бүкілодақтық құрылыс куәгерлері тарихтан сыр шертті.
Кәсіпорынға 22 ардагер қонаққа келді деп хабарлайды "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС баспасөз қызметі. Мекеменің бас директоры Мәди Әбішев зейнеткерлерді өзі бас болып қарсы алып, өте жылы қол алысып, барлығымен сәлемдесіп болғаннан кейін оларды мәжіліс залына апарып, сол жерде жоспарланған кездесу өткен.

Ардагерлер жас мамандарды қызықтыратын сұрақтарға жауап беріп, өздерінің естеліктерімен бөлісіп, станцияның дамуындағы маңызды кезеңдер туралы айтқан. Мәселен, Виктор Семенов 1980 жылы Екібастұз МАЭС-1 алғашқы энергоблогының іске қосылуы жайлы оқиғаны өте қызықты қылып әңгімелеген.
Қазақстанда дәстүр бойынша қыркүйек айының соңғы жексенбісі күні аталып өтетін "Еңбек күні" мерекесінде МАЭС-1-дің басшылығы мен кәсіподақ ұйымы, міне, екінші жыл қатарынан кәсіпорын ардагерлерін станцияға шақырып, жас мамандармен жиған-терген тәжірибелерімен бөлісу үшін қонақ қылып келеді. Бұл дәстүр өз жалғасын тауып келе жатқан себептің бірі - адагерлер шынымен де қазіргі жас инженерлерге өте қызық болып табылатын орасан зор тәжірибелерімен бөлісетіндігі болар. Ал еңбек ардагерлері үшін өздерінің жұмыс істеген кабинеттеріне, цехтарына қайта оралуы және еңбек төккен кәсіпорындарының жетістіктері жайлы білуі, осы нәтижелерге қол жеткізуде бір кездері олардың да қосқан үлестері бар екендігін сезінуі, әлбетте, қуантарлық жайт.
Негізгі баяндамалардан кейін барлық ардагерге естелік сыйлықтар табыс етіліп, оларға станцияның өндірістік алаңдарына саяхат жасалған.


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
78
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы