Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясында қуаттылығы 500 МВт болатын №1 энергоблокты қалпына келтіру жобасын іске асыру аясында бөлшектеу жұмыстары 100% аяқталып, жаңа технологиялық жабдықтарды орнату басталды. Қайта жаңартылған энергия блогын пайдалануға беру және іске қосу 2023 жылғы желтоқсанға белгіленіп отыр, деп хабарлады «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.
Станцияға иелік ететін «Самұрық-Энерго» АҚ бұл жобаға үлкен мән береді. Осы жобаны табысты іске асыру, сондай-ақ компанияның өзге де энергетикалық нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстар сала бойынша орын алып отырған электр қуатының тапшылығын азайтуға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға тиіс.
Соңғы төрт жыл ішінде республикада электр тұтынудың орташа өсімі 4%-ды құрап, жыл сайын электр қуатына деген қажеттіліктің шамамен 600 МВт-қа өсіп отырғаны белгілі. Мамандар қолда бар қуат резервтерінің азайып бара жатқандығын айтуда. Электр қуатының болжамды теңгерімі Қазақстанда 2023 жылдан бастап өндірістік қуат тапшылығы болатынын көрсетіп отыр, ал реттеу қуатының тапшылығы қазірдің өзінде байқалуда.

Жүйелік оператордың ақпараты бойынша 2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңнен өту барысында ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жұмыс қуатына қатысты нақты резерв 600 МВт құрады. Саладағы сарапшылар ағымдағы қарқын сақталған жағдайда, келесі жылыту кезеңінде ҚР БЭЖ-де қуат резервтері болмай қалуы мүмкін, бұл электрмен жабдықтаудағы шектеулерге әкеп соқтыратыны сөзсіз.
«Жаңа электр сүзгілерін орната отырып, №1 энергия блогын қалпына келтіру» жобасы станцияның қуатын 4000 МВт дейін арттыруға және сол арқылы ГРЭС-те негізгі жабдықтарды жаңғыртудың көп жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан процесін аяқтауға мүмкіндік бермек. Естеріңізге сала кетсек, 2014 жылы қуаты 500 МВт болатын №2 энергоблок желіге қосылды, бұл Екібастұз ГРЭС-1 нысанының өндірістік көрсеткіштерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Бұған дейін 2012 жылдың шілдесінде қуаты 500 МВт болатын № 8 энергоблок іске қосылған болатын.
«Самұрық-Энерго» АҚ электр қуатының болжамды тапшылығын азайту үшін ЕГРЭС-1 №1 энергия блогын қалпына келтіруден басқа, мынадай жобаларды іске асыруды жоспарлап отырғанын атап өту қажет:
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
167
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете